Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
134 3€ Тәуекел-менеджмент Апаттық тәуекелге (ақшалай және мүліктік зияннан басқа) адам өміріне қауіп төндіретін табиғи және экологиялық апаттарды жатқызуға болады. Тәуекелді басқарудың түбегейлі әдісі болып оны толық жою (бас тарту) саналады. Бірақ, біріншіден бұл әрқашан мүмкін бол- майды, екіншіден спекулятивті тәуекелдер үшін бас тарту барлық тиімділіктерді жоғалту дегенді білдіреді. Сол себепті уақыт өте келе жарамды тәуекел тұжырымы қа- лыптасты. Мұндай тәуекелдің негізі оны толығымен жою емес, тек жарамды деңгейге дейін төмендету. Сондай кезде ол қауіпті болу- дан қалады. Бірақ оны қолдануда «жарамды» деген деңгейді қалай белгілеу керек деген сұрақ өзекті болмақ. Бүл түжырымды қолдану үшін келесідей екі шек қою керек, олар келесілерді анықтайды: - шектен тыс тәуекелдің деңгейі (немесе тәуекелдің рұқсат етілген деңгейі); - елеусіз тәуекел деңгейі. Тәуекелдің осы екі шегінің арасы «бағдаршам» дәйегі бойын- ша үш спектрге бөлінеді: - қызыл - рұқсат етілмейтін (шектентыс) тәуекелдің аймағы; - сары - жарамды тәуекел аймағы; - жасыл - елеусізтәуекел аймағы. Егер тәуекел «жасыл» аймақта орналасса оны басқаруда ешқандай ерекше шаралар қажег емес. Егер тәуекел «қызыл» ай- мақта болса тәуекелді елеусіз аймаққа алып шығу үшін нақты ша ралар жүргізу қажет. «Сары» аймақтағы тәуекелді басқару үшін шешім қабылдау- да ALARA/ALARP («as low as reasonable applicable / practicable» - соншалықты томен, қаншалықты ақталған) қағидасы орынды. Бұл қағида қолда бар нақты шектелген ресурстар арқылы тәуекелді максималды түрде төмендетуді білдіреді. Шекті мүмкін тәуекел шегін анықтау үрдісі «тәуекелді мөл- шерлеу» деп аталады. Ол тәуекел деңгейін сипаттайтын әртүрлі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі, атап айтсақ: а) ықгималдығына байланысты (мысалы, апат кезінде қаза бо- лудың шекті ықтималдығын белгілеуге болады); *2 ч '-*
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==