Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

4. Тәуекелдерді қаржыландыру 135 ә) салдарына байланысты (мысалы, жарамсыз деп шекті сома- дан артатын барлық тәуекелдерді алуға болады; б) құрама көрсеткіштерге байланысты (мысалы, ықтимал- дықтың салдарға көбейтіндісі бойынша); в) жанама көрсеткіштер байланысты (мысалы, зиянды заттар- дың шекті мүмкін мөлшерлемесін белгілеу, бірақ олардың мөл- шерден ауытқуы зиянның орын алатынына кепіл емес, дегенмен реттеуді қажет етеді). Шекті мүмкін деңгейді тандау келесідей факторларға байла ­ нысты: а) тәуекелді үстап түру мүмкіндігін үйымдастыру; ә) тәуекелді төмендетуді ұйымдастыру; б) жоғары дәрежедегі әлеуметтік жүйелер тарапынан шектеу- лер мен талаптардың түсуі (өзін-өзі реттейтін ұйымдар, мемлекет- тер, халықаралық үйымдар); г) жалпы қоғам және ұйымда шешім қабылдайтын нақты тұлғаның тәуекелге қатысы. Экономикалық тәуекелдерді мөлшерлеуде тек қана бір шекті - тәуекелдің шектен тыс мөлшерін жиі қолданады. Ол тәуекелді өзінің иелігінде, төмендетілетін және берілетін деп бөледі. Тәуе- келді сәйкестендіруде кескіндік әдістер туралы айтылған болатын. Ақпараттарды көзбен шолудың ең әмбебап құралы ретінде тәуе- келдер картасын алуға болады. Оны тәуекелдерді тіркеу және оны өлшеу нәтижесінің сандық сипаты негізінде алуға болады. Тәуекел картасы «салдар» мен «ықтималдықтар» осьтерінен тұратын координаттар жазығынан түрады (сурет 4.1). Онда сәй- кестендірілген және өлшенген тәуекелдер белгіленеді. Олар қара- пайым нүкте немесе шеңбер арқылы белгіленеді. Картада тәуекел- дің жарамды шегі сызып көрсетіледі. Бұл өз кезегінде тәуекелді келтіретін қауіпіне байланысты визуалды түрде көруге мүмкіндік береді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==