Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
4. Тәуекелдерді қаржылаңдыру 3S 133 Бізге қандай да бір тәсілмен еңбек өнімділігі мен таза пайда арасындағы аналитикалық тәуелділікті орнаттық дейік. Орнатылған тәуелділікті Н=Н(Х) қайтарымдылық функциясы деп белгілейік. Мүмкін болатын жоғалтуларға байланысты тәуекел жиілігі келесідей шартты аймақтарда іске асырылады: «Нарық және тәуекел»; - жарамды тәуекел аймағы; - мүмкін тәуекел аймағы; - сыни тәуекел аймағы; - апатты тәуекел аймағы; «Қазіргі замандағы бизнестегі тәуекел»; - төменгі тәуекел алаңы; - жоғары тәуекел алаңы; - сыни тәуекел аймағы; - қолайсыз тәуекел алаңы. Берілген жиіліктердің сипаттамасы дерлік сәйкес келеді (ай мак, алаң). 1. Рұқсат етілген (төменгі) тәуекел аймағы таза пайда мөл- шерінен аспайтын жоғалтулармен сипатталады. 2. Рұқсат етілген (жоғарғы) тәуекел аймағы есептік пайда мөлшерінен аспайтын жоғалтулармен сипатталады. Сақ кәсіпкерлер жоғалтулардың мөлшерін мүмкін тәуекел ше- гінен асырмауға тырысады. 3. Сыни тәуекел аймағы шегінде есептік пайдадан асатын, бірақ күтілетін кірістің мөлшерінен аспайтын жоғалтулармен си патталады. Яғни, сыни тәуекел аймағында кәсіпкерді тек пайданы ғана емес операцияларға салынған қаржыларды дажоғалту қаупі бар. 4. Апатгы (рұқсат етілмеген) тәуекел аймағы шегінде күтілетін жоғалтулар мөлшері операциялардан түскен түсімнен асып, кәсіпкердің (фирманың) мүліктік жағдайына тең мөлшерге дейін жетуі мүмкін Нақты мәніне келетін болсақ, бүл жағдайда кәсіпкер тек опе- рацияларға салынған қаржыларын емес, банкроттыққа үшырауға дейін жетуі мүмкін.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==