Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

132 3€ Тәуекел-менеджмент көлемін анықтау. Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі тал- даудын әдістері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарағанда- ры статистикалық, шығындардың мақсаттылығын талдау эксперт- тік бағалау әдісі, үқсастықтарды пайдалану. Статистикалық әдістің мәні берілген немесе үқсас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтарулардың көлемі белгіленіп және бола- шаққа дәлірек болжау құрылуында болып отыр. Сарапшылардың бағалау әдісі маман-сарапшыға сұрақ-сауал қоюға негізделген. Анкеталар кейін қойылған талдау міндетінің сол немесе басқа шешімін қабылдау үшін статистикалық өңделеді. Сапалы пікір алу үшін сараптауға жоғары білікті және қойылған мәселе аумағында үлкен практикалық тәжірибесі бар даму қарқы- нын теңдей көрсететін қабілеті бар, қойылған мәселеге ынталы мамандар қатыстырылады. Үқсастықтарды пайдалану әдісі қүбылыстардың, жүйелердің ұқсастығын тауып пайдалануында болып табылады, яғни жаңа ой- лар мен ұсыныстар ұқсас объектілерді салыстыру негізінде пайда болады. Бұл әдісті, сонымен қатар сарапшылық бағалау әдісін пай ­ далану түсінікке, талдаушының тәжірибесі мен біліміне байланы- сты болғандықтан, анықтау субъективті сипат алады. Тәуекелді талдау нәтижесінде алынған мүмкін тәуекел жағдай- лардың болу ықтималдығы мен салдары анықталады. Алынған мәліметтерді шекті мүмкін мәндерімен салыстыра отырып тәуе- келді басқару стратегиясы құрылады. оғарыда айтылған зертте- летін X мәнін талдаудан бастайық. О абсцисс нүктесі мен зерттеліп отырған X мәнінің күтілетін нәтижесі сәйкес келетіндей етіп коор- динаттар жүйесін жылжытайық (X міндетті түрде Х-ке тең болуы керек емес). Алдымен Х> Х л аймағын зерттейік. Осьті Хнг бөліктеріне бөлеміз. Кез-келген азғана болсада күрделі көрсеткіште бір ғана анықталған көрсеткіш арқылы жалғыз қайтарымдылық көрсет- кішінің сәйкес келмейтіндігін көре аламыз. Мысалы зерттелетін көрсеткіш еңбек өнімділігі, ал қайтарым- дылық - пайда болсын. Еңбек өнімділігінің бірдей көрсеткіщіне таза пайданың әртүрлі мәні сәйкес келуі мүмкін.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==