Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
4. Тәуекелдерді қаржыландыру 131 4 ТАҚЫРЫП ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ҚАРЖЫДАНДЫРУ Тауекелдерді азайтудың негізгі тәсілдері 1. Тәуекелге эсер ететін әдістердің жалпы сипаттамасы Тәуекел табиғатгың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі. Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайлар- ды ұсынады. Мүндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс). Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүм- кін. Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсендету үшін бірнеше әді- стер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиын- дықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сүранысты болжау; тәуе- келділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау. Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық. Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады, ол салыстырмалы түрде қарапайым бо луы мүмкін. Оның басты міндеті жүмыс пен кезендердің орында- луы кезіндегі тәуекелдік себептерін анықтауға, яғни тәуекел мүм- кін болатын аймақты айқындау, содан кеиін барып, барлық тәуе- келдерді анықтау болып табылады. Тәуекелдің сандық талдауы - бүл жалпы қаржылық тәуекел- дің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==