Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Т І Р Ш І Л І К Қ А У І П С П Д І К Н Е Г О Д Е Н . ормандағы сөндірілмеген отты қалдыру төтенше жағдайдың кіріспе сатысына себеп болды; • орман өрті - төтенше жағдайдың шарықтау шегі ретінде; • басылу сатысы өртті бақылауға алған мерзімнен, яғни оны оқшаулау кезеңінен басталады. Берілген саты өртті сөндіру, алдағы уақытта жер рекультивациясы жэне орман егістерін қалпына келтіру шараларымен байланысты. 2.5.2. Табиғи апаттар мен зілзалалар классификацнясы. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының сипаттамасы Табиги сипаттагы төтенше жагдайлар өркениеттің пайда болуынан бастап ғаламшар тұрғындарына қауіп төндіруде. Келтірілген залал көлемі табиғи апаттар қаркындылығы, қоғамның даму деңгейі жэне өмір тіршілігі шарттарына тәуелді. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар соңғы жылдары жиілеп барады. Су тасқыны, өзендер мен таулы аймақтардағы сел тасқыны күнделікті өмірде қалыпты құбылысқа айналды. Көк тайғақ, кар күртіктері, боран, қүйындар қыстың міндетті элементтері болып табылады.* Осы орайда адамзатты шарасыз деуге болмайды; бірқатар зілзаланы алдын ала болжауға болады, ал кейбіреуіне тіпті қарсы түруға мүмкіндік бар. Дегенімен, табиғи үрдістерге қарсы тұру әрекеттері төтенше жағдайдың пайда болу себептері мен көріну сипаты жөнінде терең білімге негізделуі қажет. Табиғи зілзала жер бетінің кез келген бөлігіне әсерін тигізуі ықтимал. Табиғи сипаттағы барлык ТЖ арасында өзара байланыс бар. Ең тығыз байланыс жер сілкінісі мен цунами арасында орнатылған. Тропикалық циклондар эдетте су тасқынымен қосарланады. Одан басқа табиғи апаттардың теріс әсері антропогендік қызмет есебінен ушығады. Жер сілкінісі үлкен өрттерге, жарылыстар мен бөгеттердің бүзылуына себеп болуы мүмкін. Жанартаудың атқылауы өрістердің улануы, ірі қара малдың өліміне, ашаршылыққа экеледі. Ал су тасқыны топырақ суларының ластануына, құдык суларының улануына, инфекциялар мен жаппай аурулардың асқынуына итермелейді. ~ 127 -

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==