Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғыньшады» [6,1-бап]. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес»[7,3]. Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «corruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байьпу мақсатында пайдалануын айгады». А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез- келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы[8,179]. Жоғарыда кёлтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады: - сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар; - сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс; - халықаралық құжатгарда жемқорлықтың нақты анықгамасы жоқ; - әрбір мемлекет қазіргі құқыктық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын аныкдайды; - жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген. Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі - өз лауазымдық өкілетгігін заңга қарсы пайдаланатын мемлекетгік немесе жекё қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі - мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: 1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді. -8-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==