Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

4. «А» корпусының мемлекеттік экімшілік қызметпгілерінің жұмысын бағалауды «А» корпусының мемлекеттік экімпіілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекетгік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) жүргізеді. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін уәкілетгі орган бекітеді. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қанағаттанарлықсыз бағасы уәкілетгі комиссиямен келісу бойынша онымен жасалған еңбек шартын бұзуга негіз болып табылады. 5. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жүмысын бағалауды «Б корпусының әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам құратын бағалау жөніндегі комиссия жүргізеді. Мемлекеттік органдар уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістеменің негізінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді. 6. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қатарынан екі жыл бойы қанағаттанарлықсыз баға алуы ол біліктілік талаптарына сай келген және темен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған кезде оның мемлекетгік лауазымын төмендетуге әкеп соғады. Темен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған кезде мемлекеттік қызметшіге басқа бос мемлекетгік лауазым ұсынылады. Бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылады. 7. Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің жұмысын бағалау нәтижелеріне қатысты шағым жасауға құқылы. 34- бап. Мемлекеттік қызметшілсрді оқыту 1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді оқыту мемлекетгік қызметшілерді даярлауды, қайгга даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтиды. -239-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==