Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
Мемлекетгік қызметшілерді даярлау - жоғары оку орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға арналған оқу процесі. Мемлекетгік қызметшілерді қайта даярлау — қосымша кәсіби білім алуға арйалған оқу курстары. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру - олардың құзыретін жетілдіруге арналған оқыту семинарлары. 2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер ұш жылда бір ретген сиретпей біліктілігін арттырудан өтеді. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмай жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 35- бап. Көтермелеу 1. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндетгерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жүмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін: 1) біржолғы ақшалай сыйақы беру; 2) алғыс жариялау; 3) бағалы сыйлықпен марапаттау; 4) грамотамен марапаттау; 5) құрметті атақ беру; 6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау. 2. Нақ сол ерекіпеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін. Көтермелеулерді қолдану тәртібі мемлекеттік органдардың актілерінде белгіленеді. і -240-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==