Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

5. Құкық қорғау органдарында мемлекетгік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. 18- бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қабылданатын шектеулер Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Занда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды. Бұл шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қьгзметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді. Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген шектеулерді қабылдамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас таргуға немесе қызметтен шығаруға әкеп соғады. 19- бап. Арнайы тексеру 1. Мемлекетгік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқгатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шартгарына сәйкестігі түрғысынан ұлтгық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет. Арнайы тексеруді жұргізу мерзімі үш айға дейінгі уақытты қүрайды. 2. Осы Заңға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке кіретін азаматтар арнайы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейін мемлекетгік әкімшілік лауазым бойынпіа көзделген міндеттерді уақытша атқарады. Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі. Арнайы тексеруді жүргізу кезеңінде бүл азаматтарға мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауаптылығы, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Бүл азаматгардың құкыктары еңбек шартында айқындалады. -229-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==