Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол берілмейді. 6. ~ Адамдарды құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаудағы шектеулер Қазақстан Республикасының завдарында белгіленеді. 7. Азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларациями мемлекетгік кіріс органдарына ұсынуы мемлекеттік қызметке кірудің міндетті шарты болып табылады. Мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) жұмысқа қабылдау туралы актісі шыққанға дейін азамат персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) кірістері және өзіне меншік қүқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы аиықтаманы ұсынуға міндепі. 17- бап. Біліктілік талаптары 1. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматгар белгіленген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс. 2. Мемлекетгік саяси лауазымдарға біліктілік талаптары белгіленбейді. 3. «А» корпусыньщ мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімпіілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік орган мен оның қүрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі багытгары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілетгіктері ескеріліп әзірленеді. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктіпік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындау қүқығы бар лауазымды адам (орган), егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше көзделмесе, уәкілегті органмен және оньщ аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде бекітеді. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгіліқ біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді. -228-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==