Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «¥лттық қауіпсіздікті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы ұлтгық қауіпсіздік органдарына, дәстүрлі міндеттерін шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық жолына түскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери қызметкерлерге, прокурорларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне қарсы күреске барлық күштерін жүмылдыруды міндеттеді. Ел басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бет алысы батыл әрі дәйекті екенін атап өту қажет. Сөйтіп, 1998 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған Үндеу жолдады. Елбасының осы Үндеуі 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданғаннан кейін бұқаралық ақпарат қүралдарында жарияланды және біздіңшс, Үндеу аталған заңның кіріспесі ретінде қабылдануы тиіс. Осы заң негізінде кейін, 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданды. Аталған заңның негізіне БҮҮ және ТМД-ньщ Парламентаралық ассамблеясының аясындағы халықаралық ұйымдар әзірлеген модельді актілер альінған. Заңның мақсаттары: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асыру; ел азаматтарының қүқықтары мен бостандыкдарын, қоғамдық мүдделерді қорғау. Қазақстан Республикасының үлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бүзушылықтың алдын алу, анықгау, олардың жолын кесу және қылмысты ашу, олардың зардаіггарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекетгік міндеттерді атқарытын лауазымды және озге де түлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету[8,1]. Республиканың заңнамасында заңда сыбайлас жемқорлық пен қүқық бүзушылыққа заңдық үғым ретінде аныкгама беріледі, олардың субъектілері айқындалады. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары түжырымдалған, олардың ең бастысы Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1- -22-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==