Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл жүйесін жасауда, заңнамалық база әзірлеуде еліміздің көшбасшылық жағдайды иеленіп отырғаны кездейсоқ емес. 1998 жылы Қазақстан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» завды бірінші болып қабылдады, онда мемлекетгің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаттары белгіленді. Оның жүзеге асырылуыяа 17 жылдай уақыт өтті. Содан бері заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заман талабына сай куресудің жаңа жолдары қарастырылды[6, 11]. Аталған заң өз күшін жойып, 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» заңы қабылданып қолданысқа еңді. Алайда осы заңға дейін де ел Президента сыбайлас жемкорлыққа қарсы күреске қатысты бірқатар нормативтік актілерге қол қойған. Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске арналған бірқатар жарлықтар бүл бағытгағы жүмыс сабақтастықга, өскелең түрде жүріп жатқандығына дәлел [7,14]. Сөйтіп, 1992 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс- шаралар туралы» Жарлығы қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа және үйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің үйымдастырушылық және езге де алғышарттарын қалыптастырды. Осындай қылмысқа ықпал ету шаралары айқындалды, оның ішінде тәргіптік, мүліктік және әкімшілік сипаттағы қылмыстың алдын алу шаралары. Жарлықта республикамызда қылмыстық кәсібиліктің нығайып, ұйымдасқан сипатқа ие болып келе жатқандығы, баяндалады. Осы Жарлықган кейін мынадай қаулылар қабылданды: 1992 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымды тұлғалардың тәртіп, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік ахуалы үшін жауапгылығын арттыру туралы» қаулы, 1994 жылғы 11 ақпандағы «Қылмысқа қарсы куресті күшейту туралы» қаулы, сондай-ақ 1994 жылғы 9 маусымдағы «Зандылық пен қүқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы» қаулы және тағы басқа. Осы құжаттардың барлығында парақорлық пен сыбайлас жемқорлық қоғамның, мемлекетгің мүдделеріне қайшы келетіндігінен, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидатгарымен сыйыспайтындығы туралы және ерекше аталып өтіледі. -21 -

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==