Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

Шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде Экономикалық Ынтымақгастық және Даму Ұйымының 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған «Халықаралық іскери операцияларды жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде» Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі[3,74]. ЭЫД¥ сипатталған құқықтық бастамасының маңыздылығы үш кезеңмен анықталады. Біріншіден, ол Солтүстік және Оңтүстік елдерге сыбайластық төлемдердің ағылып келуін қысқартады. Бүл тиісті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін және сауда-сатгыктың әділ жағдайларын сақтау үшін қолайлы ахуал жасауға тікелей септігін тигізеді. Екіншіден, ол жаһандық масштабта басқару нормаітарын дайындау үпіін үлгі бола алады[4,101]. Еуропа Одағы 1995 жылы «Өзінің қаржы мүддесін қорғайтын Конвенцияны» қабылдады. Осы қүжатқа қосымша ретінде 1997 жылы Еуропа Одағы «Еуропа қоғамы және осы қоғамдардың мүше-мемлекеттерінің лауазымды адамдары кірген жемқорлыққа қарсы күрес туралы Конвенция» қабылдады. Еуропамен салыстырғанда 1996 жылы Америка мемлекетінің үйымы көлемді қүжатгы қабылдады. Америка аралық Конвенция жемқорлыққа қарсы күресті кең түрде қолдайды. Бүл аймақтық келісім (АҚШ-ты қоса, АМ¥ мүшелерінің көпшілігі қол қойған) мүше мемлекетгің өз аумағында конституцияға бағындырылған жемқорлық әрекетгі жоюға бағытталған шараларды қолдануды, отандастарыныц жәңе резиденттерінің шет елдегі әрекеттеріне жауап беруді талап етеді. Бүл Конвенцияны Оңтүстік және Солтүстік Американьің 20 мемлекеті бекітгі. Осы қүжат мемлекеттің ішінде жасалған қылмысқа ғана емес, трансүлтты қатынастарға да таралады[5,54]. Аталған қүжаттардың әрқайсысына үшінші бөлімде жеке - жеке тоқталатын боламыз. Мыңжылдықтар тоғысындағы тарихы тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отырғаны мәлім. Өз кезегінде, Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап сыбайлас жемқорлыққа қароы күресті мемлекетгің бірінші кезектегі міндеті етіп қойып, мәселені күн тәртібіне жиі шығаратын болды. Кеңестік -20-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==