Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
тармағына сәйкес мемлекетгік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген лауазымды адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықгарын шектеуге жол бермеушілік болып танылады[9,39]. Завда сыбайлас жемқорлықгың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық шаралары арнаулы тарауда түжырымдалған. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық үшін тәртіптік, азаматгық - құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Сыбайлас жемқорлық мәселесі заңмен қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 15-тарауында Мемлекетгік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жәие өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, яғни 361 -бабында лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, сондай-ақ 362-бабында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, 363 - бабында лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алу, 364-бабында кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, 365- бабында пара алу, 367- бабында пара беру 368 бабында парақорлыққа делдал болу, 369- бабында қызметтік жалғандық жасау, 370 бабында қызметтік әрекетсіздік, 371 -бабында салғырттық туралы айтылған [10,15т]. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі №1015 қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрудың әлеуметтік - экономикалық және қаржылық шараларын жүзеге асыру бойынша Үкімет іс-қимылының бағдарламасы бекітіліп, жүзеге асырылды. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын, Қазақстан Республикасыньщ үлттық қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру мақсагында 2001 жылғы 5 қантарда 2001-2005 жылдарга арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің екінші мемлекеттік бағдарламасы бекітілді және жүзеге асырылды[1 1]. Аталған бағдарлама алдынғы бағдарламаның логикалық жалғасы болып, сыбайлас жемкорлықты, әсіресе экономика саласындагы сыбайлас жемқорлықты, туғызатын жағдайларды айқындаудың және жолын кесудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған шараларды көздейді. Адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс институттары нығаюда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылгы 29 қарашадағы «Адамдар мен азаматтардың конституциялық -23-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==