Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

55 сурет Негізгі жібі қиғаш пішілетін бұйымдар үшін маталар әр түрлі суретті қолданылады: тор, жолақ, баспа сурет, сонымен қатар тегіс боялған. Негізгі жібін қиғаш пішу үшін тұтас пішілген жартылай қынамалы бұйымның пішімін алу үшін алдыңғы бойдың иық қиығындағы кеуде бүкпесін алдыңғы бойдың ортаңғы сызығына 45° бұрышпен бүйір қиыққа ауыстыру қажет (55, а-сурет). 55, б, в- суреттерде көрсетілген тұтас пішілген көйлектің сызбасы 1 негізгі сызбаның негізінде нымша мен белдемшені бел сызықтары бойынша сәйкестендіру тәсілімен жасалған. Артқы бойдың бел сызығы бойынша бүкпе ендігі аздап ортаңғы және бүйір қиықтарға орналастырылған (штрихталған аймақтар). Артқы бойдағы иық бүкпесінің ендігі ортаңғы қиыққа, қолтық ойындысына және иық қиықтың отыруына таратылған. Алдыңғы бойда бел сызығы бойынша бүкпенің бір бөлігі кеуде бүкпесіне, бүйір қиыққа және алдыңғы бойдың ортаңғы сызығына ауыстырылған. 5 тарау. Реглан және тұтас пішілген пішімді бұйымдарды үлгілеу Реглан пішімді жеңі бар бұйымдар әйелдердің жеңіл киімдерінің сәнді бұйымдарының арасында кең тараған. Мұндай жеңдер силуэттік пішіндердің көбіне ұсынылады, олар көптеген ассортименттік категорияларында, сонымен 92

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==