Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

қатар күнделікті бұйымдарда да, сәнді көйлектерде және жұмсақ пішінді нымшалары бар жейделерде қолданылады. Реглан пішімді жеңдер жадағайлар мен күртешелерде кеңінен қолданылады. Реглан пішімді бұйымдар Реглан пішімі иық сызығының жұмсақ дөңгелек сызығын жасайды, иық енін көзбен қарағанда кішірейтеді. Сондықтан реглан пішімін «трапеция» силуэтті бұйымдарда пайдаланған тиімді (жоғарғы жағы жіңішке, етегі кең). Реглан жеңді бұйымдардың сызбаларын сызу үшін көптеген қосымша есептеулер қажет. Осындай бұйымның сызбасын тұрғызу үшін авторлар ешқандай қосымша есептеуді талап етпейтін өте жеңіл және ыңғайлы тәсілді қолданды. Осы конструкциялау тәсілінің ұстанымы 1 және 2 негізгі сызбаларды қолдануға негізделген. Осы тәсілде екі тігісті жеңнің жең түбін артқы бой мен алдыңғы бойдың негізгі пішімдерінің қолтық ойындыларымен олардың жанасу нүктелерінде П 3 және П 6 сәйкестендіру арқылы реглан пішімді жеңдерді конструкциялаудың жаңа әдісі қолданылды. Реглан жеңнің пішімін негізгі сызбалардың (бел сызығы бойынша кесілген және тұтас пішілген) және әртүрлі конструктивті орындалған қондырмалы екі тігісті жеңнің негізінде конструктивті үлгілеумен оңай тұрғызуға болады. Жең нымшамен бірге пішілетіндіктен, жеңді қолтық ойындысымен жанасу нүктелерінде П 3 және П 6 сәйкестендірген дұрыс, сызбаны тұрғызу процессі жеңілдей түседі. 93

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==