Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

«Принцесс» пішімнің нұсқасы аралас пішімді бұйым болып табылады. Осындай нұсқада тұтас пішілген алдыңғы бөлік нымша мен белдемшенің кесілген бөлшектерімен бел сызығы бойынша үйлеседі, тігіс белдік бөлшегімен жасырынған. Мұндай аралас конструкция бел айналымын кішірейтіп көрсету үшін қолданылады. Мұндай жағдайда бел енінің орнына алдыңғы бойдың тұтас пішілген ортаңғы бөлшегінің ені алынады. Аралас конструкцияның нұсқалары әр алуан. 54 сурет Жартылай қынамалы силуэтті көйлектер Жартылай қынамалы силуэт тік және қынамалы силуэттар арасындағы аралық болып табылады. Жартылай қынамалы силуэт бел сызығын тығыз қыналумен айқындаудың қажеті жоқ, тек оны аздап анықтап қоятын әйелдерге ұсынылады. Мұндай жағдайда жартылай қынамалы силуэт негізгі жібі қиғаш пішілген бұйым әсем көрінеді, себебі мұндай жағдайда мата денебітімді иілімді қынайды. Мұндай бұйымдардың сызбалары тік немесе жартылай қынамалы силуэтте орындалуы мүмкін. 91

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==