Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
53 сурет «Принцесс» пішімді тұтас пішілген көйлектер ешқашан сәннен шықпайды. Олар сәннің бағытына байланысты сызықтар орналасқан жерлерде және басқа аймақтарда қыналу дәрежесі бойынша өзгеруі мүмкін. Бұл конструкция ұзын үздіксіз сызықтар денебітімді сымбатты жасайтындығымен танымал. «Принцесс» пішімді бұйымдарда кейде бедер сызықтар кеуде ұшынан қолтық ойындысы жаққа ауытқи алады. Бұл сызықтар қолтық ойындысы қиығынан немесе иық қиығы арқылы өтуі мүмкін. Егер сызықтардың ауытқуы 2 см аспаса, онда бедер сызықтың қолтық ойындыға ауысуынан қалған аздаған бүкпе ендігін кеуде тұсында матаның отыруына таратады. Егер бедер сызықтың қолтық жаққа ауысуы 2 см асса немесе ол қолтық ойындыдан басталса, алдыңғы бойдың ортаңғы бөлшегінде кеуде ұшынан бүйір бөлшекке дейін бүкпе енгізеді (54-сурет). Бедер сызықты кеуде ұшынан бүйір қиықтар жаққа ауыстырғанда бұйым бел сызығы бойынша аз қыналады, яғни «принцесс» пішімді бұйым қынамалы силуэт орнына жартылай қынамалы болады. Денебітімге жақсы қонымдылықты қамтамасыз ету үшін иық қиығы жерінде бүкпені толық немесе аздап жабады. Бедер сызығында бұл бүкпені ашады, нәтижесінді бедер сызықтың ұзындығы кішкене ұзарады. Артқы бойдың бүйір бөлігінің бедер сызығын осы бедер сызықтың ұзару шамасына ашу жолымен (П 3 нүктесінен) ұзартады. 90
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==