Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Тік силуэтті көйлектер Бел сызығы бойынша белдікпен немесе өткермемен тігілетін тік силуэтті бұйымның сызбасын (көйлек-жейде, сарафан, блузон, көйлек-пальто және т.б.) тұрғызу кезінде артқы бойда ортаңғы тігісті, ал 4-толықтық денебітімі үшін алдыңғы бойда да ортаңғы тігіс енгізген жөн. Аталған тігістер болғанда бүйір қиықтарды ұзартқан ыңғайлы. Тік силуэтті бұйымдарда бүйір қиықтар қолтық ойындысы сызығынан бел сызығына дейін тік немесе кішкене ойық болуы мүмкін. Артқы бойдың ортасы артқы бойдың алынған ортаңғы сызығы бойынша пішілуі мүмкін. Егер артқы бой тұтас болса, онда екі шеткі нүктелерді (мойын негізі және бұйым етегі) сәйкестендіріп, оның ортасы тік болу керек. Егер бұйымда тігіс болса, иық бүкпесінің ендігін азайту есебінен мойын негізі нүктесін оңға 0,5-0,7 см- ге оңға жылжытады. Жіңішке жерде артқы бойдың ені қолтық ойындысы сызығын түзулеумен орнын толтырады. Алдыңғы бойдың кеуде бүкпесін үлгіде қарастырылған кез келген қиыққа немесе конструктивті сызыққа ауыстырады. Тік силуэтті бұйымда нымша мен белдемшенің негізгі сызбаларында бел сызығы бойынша бүкпелер қарастырылмайды. Бел сызығы безеңдірілмейтін көйлек-жейденің сызбасын тұрғызу кезінде нымша мен белдемшені артқы бойдың ортаңғы сызығынан бел сызығы бойынша сәйкестендіреді, және алдыңғы бойды белдемше мен нымышаның бүйір қиықтарының биік нүктелерінің бір-біріне енуімен сәйкестендіреді. Қынамалы силуэтті көйлек «Принцесс» пішімі қынамалы силуэтті тұтас пішілген көйлектер тобының ішінде ең нақты конструкцияның бірі болып табылады. Бұл пішім денебітімнің ерекшелігін анық бейнелейді, себебі «принцесс» пішімді бұйым сызбасындағы тік сызықтар нымша мен белдемшенің бүкпелері орналасқан жерлерде өтеді. «Принесс» пішімді көйлек бел сызығы бойынша қыналуына, сонымен қатар бұйымның етек бойынша кеңеюіне байланысты алты және одан көп бөлшектерден тұруы мүмкін. Етек сызығын тұтас пішілген бөлшектің кеңею есебінен, сонымен қоса пішілген қосымша бөлшектердің (годэ, қарама-қарсы немесе бір жақты қатпарлар, немесе басқа конструктивті амалдар) көмегімен кеңейтуге болады. Егер бұйымға одан да кең күліш керек болса, бел сызығынан төмен бірен-саран тілікшелері бар конструкциялар қолданылады (53-сурет). Белдемшенің кесілген төменгі бөлігін белгіленген сызықтар бойынша кеседі және бұйымның қажетті кенею шамасына ашады. 89

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==