Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
3. ОО 1 тік жанама сызық жүргізеді. 4. Алдыңғы бойдың нымша лекалосын алдыңғы бойдың ортаңғы сызығы кеуде ені сызығына перпендикуляр болатындай қойып, алдыңғы бойдың ортаңғы сызығын төмен жалғастырады. 5. Белдемшенің алдыңғы бөлігін нымшаның алдыңғы бой лекалосымен бүйір қиық жағынан бел сызықтары бойынша сәйкестендіреді. Содан кейін нымшаның алдыңғы бойын белдемшенің алдыңғы бөлігімен ортаңғы сызықтары бойынша сәйкестендіреді. Себебі нымшаның бел сызығына дейінгі ұзындығы белдемшенің бел сызығына дейінгі ұзындығынан қысқа, белдемшеде нымшаның бүкпесіне қарама-қарсы бедер сызық үшін ендік ашылады (штрих сызық). Екінші бүкпе жерінде белдемше нымшаға аздап енеді (бұл ақау «принцесс» пішімді тұтас пішілген көйлекте жоғалып кетеді). 4-толықтықтағы бұйым сызбасында (52, б-сурет) бөлшектерді сәйкестендіру кезінде белдемше нымшадан кең болады. Бұл 1-толықтық денебітімімен салыстырғанда бөксе көлемінің үлкендігімен байланысты. Тұтас пішілген бұйымдар үшін нымша мен белдемшені бел сызықтары бойынша теңестіру қажет. Оны келесі тәсілмен жасайды: артқы бойды бел сызығынан қолтық ойындысына қарай бағытта кеседі және белдемшенің екінші бүкпесі шамасына ашады. Артқы бойдың бүйір қиығы мен қолтық ойындысы жаңа орын алады (штрих сызық). Алдыңғы бойдың бел сызығы аймағында бүкпе ашылады (4- толықтықтағы денебітімнің бөксе сызығы бойынша үлкен айырмашылық салдарынан). 1 және 4-толықтықтардағы бұйымдардың сызбасында штрихталған аймақта есеп бойынша тұтас пішілген конструкцияларды тұрғызу кезінде бүйір қиықтарды ұзартуға қажет шама шығады. Егер оны істемесе, онда дайын бұйымда әсіресе көйлек-жейдеде (егер оны белдікпен кисе) артқы бой мен алдыңғы бой салбырап, бүйірлері сілкініп тұрады. Артқы бой мен алдыңғы бойдың ортасына тігіс енгізумен немесе кеуденің шығыңқы нүктесі арқылы өтетін бедер тігіс енгізумен бұл кемшіліктен құтылуға болады. Негізгі лекал сызбасын біткен түрінде алу үшін алдыңғы бой мен артқы бойдың ортаңғы сызықтары бойынша белдемшені алдыңғы боймен және артқы боймен сәйкестендіріп бел сызығындағы штрих аймақты жабады (52, в, г - суреттер). Нәтижесінде 1-толықтық бұйымында артқы бойдың ортаңғы сызығы солға, 4-толықтық бұйымында да артқы бойдың ортаңғы сызығы солға, ал алдыңғы бойдың ортаңғы сызығы оңға ауытқиды. Негізгі лекал сызбасы жуан сызықпен, жартылай қынамалы силуэтті бұйымда бүйір қиық штрих сызықпен, тік силуэт - жіңішке сызықпен бастырылған. Екі жеке бөлшекті - нымша мен белдемшені сәйкестендіру жолымен тұрғызылған сызбалар әртүрлі пішімді кез келген силуэттік шешімде кеңінен түрленеді. 88
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==