Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

52 сурет Нымша мен белдемшенің негізінде (1 негіз) тұтас пішілген конструкцияны тұрғызудың негізгі ережелері кез келген толықтық тобына таралады. Сызбаны тұрғызу артқы бой бөлшектерінен басталып, төмендегідей бірізділікпен орындалады. 1. Қағаз бетінде тік сызық жүргізіп, оған нымшаның артқы бой және белдемшенің артқы бөлік лекалдарын бүйір қиықтар жағынан бел сызықтары бойынша сәйкестендіріп қояды. Бүйір қиықтан артқы бойдың ортаңғы сызығына бүкпе ашылады (сызбада штрихталған аймақ). 2. Артқы бой ені сызығы мен бел сызығын оңға созады. Бұл екі сызық та артқы бойдың ортаңғы сызығына перпендикуляр. 87

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==