Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

кеңдігіне берілетін қосымшасы бірдей болу керек; сызбада бүйір қиықтар арасында сызылған жанама тік сызық кеуде ені деңгейіндегі бұйым ені сызығына және бүйір қиықтардағы бел сызығына перпендикуляр болу қажет. Алдыңғы бой мен артқы бойдың ортаңғы сызығы кеуде ені сызығына перпендикуляр болу керек. Осындай тәсілмен алынған лекалдардың сызбасы келесі бұйымдардың пішімдерін жасауға негіз болып табылады: қынамалы силуэтті «принцесс» пішімді; бел сызығынан жоғары немесе төмен кесілген; жартылай қынамалы силуэтті. Негізгі лекал сызбасын тұрғызу Нымша мен белдемшенің сызбаларының негізінде тұрғызылған көйлектердің негізгі лекалдары есептелген тәсілмен тұрғызылған тұтас пішілген конструкциялардың кемшіліктері мен олардың себептерін анық айқындайды. Денебітімнің кейбір ерекшеліктері (еңсе және т.б.) өлшемдермен қарастырылмаған, конструкцияда еріксіз жасалады, кейде бұйымның жақсы қонымдылығына зиян келтіреді. 52, а, б -суреттерде ең шығыңқы нүктелерде белдемше мен нымшаны сәйкестендіргенде кейінгі екі толықтық бұйымдарының ерекшеліктері оңай байқалады. 86

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==