Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Алынған П 1 , Н 2 және П 2 , Н 3 нүктелерін тік сызықтармен біріктіреді. П 1 және П 2 нүктелерін басқа тәсілмен табуға болады. Н 2 және Н 3 нүктелерінен (51, г-сурет) 2-деңгейдегі артқы бойдың сызбасынан ПН кесіндісіне (51, в- сурет) тең радиуспен жоғары доғалар жүргізеді. 1-деңгейіндегі артқы бойдың сызбасындағы ОП және алдыңғы бойдың сызбасындағы (51, б-сурет) О 1 П 1 -ге жеңнің еніне берілетін қосымшаның *Л- ін қосқан кесінділерге тең радиустармен О нүктесінен оңға және солға қарай доғалар жүргізеді және П 1 және П 2 нүктелерін қояды (51, г-сурет). П 1 , О және П 2 нүктелері арқылы жеңнің жең түбінің сызығын байсалды қисық сызықпен жүргізеді. П 1 және П 2 нүктелерінен артқы бой мен алдыңғы бойға жеңді қондыру тігісінің ұзындығына тең радиуспен оңға және солға доғалар жүргізеді (51, в, г -суреттер). П 1 А 1 = ПА. П 2 А 2 кесіндісі алдыңғы бойдың сызбасындағы П 1 нүктесінен қолтыққа қойылатын қиық ұшына дейінгі кесіндіге тең. Қолтыққа қойылатын қиықтың төменгі бөлігін сызу үшін жеңде солға қарай Н 2 нүктесінен және Н 3 нүктесінен оңға қолтыққа қойылатын қиықтың төменгі сызық ұзындығының 2/5-не тең радиуспен доғалар жүргізеді. Н 2 А 1 = Н 3 А 2 = 2/5x60 = 24 см. А 1 Н 2 және А 2 Н 3 нүктелерін байсалды қисық сызықпен біріктіреді. Жең етегін безеңдіру үшін О 1 нүктесінен төмен ОЗ кесіндісіне тең кесіндіні төмен өлшейді және О 2 нүктесін қояды. Н 2 , О 2 және Н 3 нүктелері арқылы жең етегінің қисық сызығын жүргізеді. 4 тарау. Нымша мен белдемшенің сызбалары негізінде қынамалы және жартылай қынамалы силуэтті тұтас пішілген көйлектерді конструктивті үлгілеу Нымша мен белдемшенің сызбалары негізінде жартылай қынамалы силуэтті тұтас пішілген көйлектің пішімін тұрғызған кезде конструкциялау процессі күрделенеді, бірақ осындай тәсілмен орындалған пішім белгілі бір денебітімнің ерекшеліктерін анық айқындайды. Төменде 1 және 4 толықтық топтарындағы бойы 164 см 48 өлшемдегі (ССТ 17-326-74) денебітімнің антропометриялық өлшемдері бойынша тұрғызылған бұйымдардың сызбалары келтірілген. Сызбаны тұрғызу кезінде белдемше мен нымшаны біріктіргенде олардың бөлшектерінде бұйымның тепе-теңдігін сақтаған жөн: бөлшектер бүйір қиықтар жағынан бел сызығы бойынша (яғни сызбадағы ең шығыңқы нүктелері жағынан); нымша мен белдемшенің бел сызық бойынша қыналу 85

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==