Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
бөлігінің ұшы қолтыққа қойылатын қиық ұзындығының 3/5 -не (3/5 60 36 см), ал жеңге - 2/5 (2/5x60=24 см) тең. Артқы бой пішімінің тұрғызылуы (51, в-сурет). Қағаздың сол жағында тік сызық жүргізеді. Одан оңға қарай артқы бой бойынша кеңейту шамасын өлшейді (30 см) және тік үзік сызық жүргізеді. Артқы бойдың ортасын үзік сызықпен сәйкестендіреді. Иық қиығындағы бүкпенің қалған бөлігін жауып (50, а-сурет), оны артқы бойдың төменгі бөлігінде ашады. Одан кейін артқы бойдың лекалосын бастырып, кеуде ені сызығын, бел сызығын және мойын ойындысы ойығын жүргізеді. Артқы бойдың ортаңғы сызығы бойынша бұйымның ұзындығын өлшейді; артқы бой бойынша ұзындыққа (бел сызығына қатысты өлшейді) қатысты бүйір қиығы бойынша ұзындықты 2,5 см-ге қысқартады. Жеңнің ұзындығына жеңнің бос салуына берілетін қосымшаның -ін қосқанға тең радиуспен П нүктесінен оңға қарай доға жүргізеді (56 + 9,5 = 65,5 см). Қолтыққа қойылатын қиықтың төменгі бөлігінің ұзындығының 3/5-іне тең радиуспен Н нүктесінен алдыңғы жүргізілген доғамен қиылысқанша доға жүргізеді (3/5 x 60 = 36 см). Доғалардың қиылысқан нүктесін А әрпімен белгілейді. П нүктесін А нүктесімен тік сызықпен, ал А нүктесін Н нүктесімен байсалды қисық сызықпен біріктіреді. Н нүктесін артқы бойдың етек сызығының ортаңғы сызықпен қисық сызықпен біріктіреді. Алдыңғы бойдың тұрғызылуы. Алдыңғы бойдың тұрғызылуында осылай жүргізеді. Иық қиығынан шыққан кеуде бүкпесінің орнын ауыстырмай, мойын ойындысына бүрмеге жинауға болады. Жеңнің тұрғызылуы (51, г-сурет). О нүктесі арқылы тік сызық жүргізеді. О нүктесінен төмен тік сызық бойынша 51, б - суретте өлшенген О 1 'О 1 кесіндіні және бос салуға берілген қосымшасы қосылған жең ұзындығын өлшейді: 3О 1 = Д рук + П д.р. = 56 + 19 = 75 см. О 1 және 3 нүктелері арқылы оңға және солға көлденең сызық жүргізеді. 3 және О 1 оңға қарай жеңнің алдыңғы бөлігінің енін және жеңнің еніне қосылатын қосымшаның - ін (7 см), ал солға - жеңнің шынтақ бөлігінің енін және жеңнің еніне қосылатын қосымшаның - ін өлшеп белгілейді (51, б және г -суреттер). 3П 1 = О 1 П 1 (1-деңгейдегі сызбадан) + 7 см; 3П 2 = О 1 П 1 ' (1-деңгейдегі сызбадан) + 7 см; О 1 Н 2 = ОН 2 (1-деңгейдегі сызбадан) + 7 см; О 1 Н 3 = ОН 3 (1-деңгейдегі сызбадан) + 7 см. 84
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==