Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
1. Тік сызық сызып, онымен артқы бойдың ортаңғы сызығын сәйкестендіріп артқы бойдың пішімін сәйкестендіреді (51, б-сурет). 2. Артқы бойда бұйым енінің сызығын және бел сызығын жүргізеді, оларды оңға қарай жалғастырады. 3. Жеңнің пішімін О нүктесіне 2 мм жеткізбей ОО 1 сызығы бойынша кеседі. 4. Артқы бой ені, алдыңғы бой ені сызықтары, сонымен қатар жеңнің Р және Р 1 нүктелері бір көлденең сызықта орналасатындай алдыңғы бой мен жеңнің пішімдерін қояды. Артқы бой мен алдыңғы бойдың П 3 және П 6 нүктелері жеңнің аттас нүктелері бір көлденең сызықта орналасуы қажет. Жең ені сызығында орналасқан К және К 1 нүктелері арасындағы кесінді бұйым ені сызығына параллель болуы керек. 5. Жеңнің етек сызығындағы Н 2 және Н 3 нүктелерін тік сызықтармен біріктіреді. 6. П және П 1 иық нүктелерін Н 2 және Н 3 нүктелерімен біріктіреді. 7. П және П 1 нүктелерін де түзу сызықпен қосады. 8. О нүктесі арқылы ПП 1 (О 1 ') сызығымен қиылысқанша тік сызық жүргізеді. 9. Артқы бой мен алдыңғы бойда мойын ойындысының сызығын сызады. Артқы бой мен алдыңғы бойдың негізгі сызбасында мойын ойындысының сызығына дейін оның ұзындығын қалауы бойынша таңдайды, бірақ ол П және П 1 иық нүктелері арқылы міндетті түрде өту керек. Мойын ойындысы ойығы - терең декольте. Егер осындай пішімде ойықты кішірейту қажет болса, онда иініш немесе жаға енгізу керек. Иық қиығында және артқы бойдың ортаңғы сызығында иініштің орнын анықтау оны сызудың ерекшелігі болып табылады. Иініштің сызығы қондырмалы жеңі бар бұйымның негізгі сызбасында иық нүктелері арқылы өту керек (артқы бойдың сызбасында - СВ, алдыңғы бойдың сызбасында - В 1 С 1 үзік сызықтар). Келесі кезең - бірінші кезеңде сызылған негізгі сызбада бұйымды конструктивті үлгілеу. Бұл кезеңде артқы бой бойынша бұйымның ұзындығын (мойын ойындысы сызығынан 75 см); бүрмелер үшін артқы бойдың еніне қосылатын қосымшаны (30 см); жаңа сызбада алдыңғы бой бойынша бұйымның ұзындығын (мойын ойындысы сызығынан 56 см); жаңа сызбада бүрмелер үшін алдыңғы бойдың еніне қосылатын қосымшаны (16 см); бос салуға қосылған қосымшасы бар жең ұзындығын (56 см + 19 см); бүрмелер үшін жеңнің еніне қосылатын қосымшаны (14 см жоғарыдан төмен жеңнің ортаңғы сызығына параллель); көлденең қалыпқа қолды көтеруді қамтамасыз анықтайды (денебітімде қол төмен түсіп тұрғанда білезік деңгейіндегі нүктеден 60 см және Н нүктесінен Н 2 нүктесіне дейін А және А 1 нүктелері арқылы 51, в, г-суреттерде). Қолды көтеретін қалаған деңгейге, қолтыққа қойылатын қиық ұшының орны бұйым ұзындығына байланысты қолтыққа қойылатын қиықтың төменгі бөлігінің ұзындығы өзгеруі мүмкін. Артқы бой немесе алдыңғы бойға қатысты қолтыққа қойылатын қиықтың төменгі 83
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==