Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Әйелдердің ұлттық орыс киімдерінде көп қабатты ансамбльдар кездеседі, оның қызметінен, тағайындалуынан, жастық ерекшеліктерінен және т.б бейнелік шешімі күшейеді. 51-суретте ұлттық орыс әйел киімінің екі түрі - блузон және жейде көрсетілген. Блузонның ұзындығы бөксе сызығына кіреді. Оны белдемшемен немесе көйлектің үстінен киеді. Мұндай бұйымның өңделуі қиын емес: барлық қиықтарды түзу сызықпен біріктіріп тігеді; мойын ойындысын, бұйымның етегін және жең аузын қиғаш пішілген матаның жолағымен жөрмеп тігеді, содан кейін көрсетілген жерлерде сәйкес ұзындықтағы резеңке таспаны өткізеді. Бұйымның етегі бойынша резеңке таспаның ұзындығы толық бөксе айналымына; жең аузы бойынша - 2 см қосымшасы бар білезік айналымына; мойын ойындысы бойынша - СВ және В 1 С 1 аймақтары бойынша мойын ойындысының ұзындығын 2-4 см-ге кемітілген (артқы бой мен алдыңғы бойдың мойын ойындысы сызығының ұзындығын өлшегенде бүкпе ендігін есептемейді) шамаға тең. Геометриялық пішіндердің (51, а-сурет) қарапайым сызықтары бар мұндай бұйымның дайын пішімдері болғанда, бұйымның пішінін көзге елестету қиын. Бұл пішімнің қарапайымдылығы ұлттық орыс киімінің пішімінен шыққан. Көрсетілген пішінді бұйымның пішімін кезең-кезеңмен конструктивті үлгілеу тәсілі жаңа көлемді пішінді бұйымдарды жасау көмектеседі. Мұндай бұйымның пішімін тұрғызу ұлттық орыс әйел жейдесінің сызбасына қатысты қосымшалары бар тік силуэтті бұйымның негізгі сызбасы (2-негізгі сызба) негізінде шығарады. Пішімді тұрғызу кезінде қолтық ойындысы саңылау түріндегі тік пішінді бұйымның (50-сурет) және етегі кеңейтілген жеңнің (43, а-сурет) лекалдары қолданылды. Пішімдерді тұрғызу екі кезеңде жүрді: 1-кезең - сызбаны сызу; 2-кезең - бірінші кезеңде тұрғызылған сызбаның негізінде конструктивті үлгілеу және пішім жасау. Бірінші кезеңде сызбаны және екінші кезеңде пішімдерді тұрғызу артқы бойдың, жеңнің және алдыңғы бойдың ортаңғы сызықтарының қатал түрде параллельдігін ұстану кезінде жүзеге асады. Бұйым енінің сызығы және бел сызығы жоғарыда аталған сызықтарға перпендикуляр болу керек және сызылу кезінде бұйымның тепе-теңдігі бұзылмас үшін ауытқымау керек. Сызбаны сызу жеңнің геометриялық пішінін және алдыңғы бой мен артқы бойға қатысты оның орнын, сонымен қоса бұйымның мойын ойындысының пішіні мен ойық ұзындығын анықтаумен байланысты. Аталған бұйымды конструктивті үлгілеу пішімдердің қарапайым сызбалық тәсілдерінің көмегімен жасауға бағытталған, олардың пішіндері ұлттық киім сызықтарының ерекшеліктерін бейнелейді. Қолтық ойындысы саңылау түріндегі тікбұрыш пішінді лекалдарды қолдану арқылы ұлттық орыс әйел жейдесінің сызбасын тұрғызу төмендегідей бірізділікпен жасалады. 82

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==