Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Әзірленген конструкциялық сызбаның және оның силуэттік пішіндерінің негізінде авторлар осы силуэттік пішінді ұлттық орыс әйел киімінен туған деп анықтады (51-сурет). Киімнің оңтүстік орыс жинағында басқа пішімді жейделер де кездеседі, бірақ осы пішін өзінің функционалды тағайындалуы мен қолдың еркін қозғалысын қамтамасыз ететіндігі үшін кеңінен қолданылған. Негізгі жібі қиғашынан пішілген қолтыққа қойылатын қиық өте маңызды конструктивті бөлшек болып табылады: ол өте жақсы созылады. Қолтыққа қойылатын қиықтың өлшемі әр түрлі болады және ол жеңнің еніне байланысты. Жең кең болған сайын қолтыққа қойылатын қиық кішкентай болады. Жіңішке жеңде ол бел сызығынан басталып шынтақ сызығына дейін жетуі мүмкін. Ұлттық және қазіргі киімдерде қолтыққа қойылатын қиық басқа түсті матадан пішілген әрлеуіш бөлшек болуы мүмкін. 51 сурет 81
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==