Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Иық қиықтары ұзартылған және қолтық ойындысы саңылау түріндегі бұйымдар үшін жейде жең пішімді жеңдер жең түбі биіктігінің төмендігімен немесе оның жоқтығымен, барлық ұзындығы бойынша арттырылған енімен, жең түбі бойынша қонымдылық қосымшасының аздығымен немесе оның жоқтығымен сипатталады. Мұндай жеңдер әрқашан көлемді пішінді болады, оларда қолтық ойындысының төменгі бөлігінде бүрдіктер қалыптасады, және қолдың көлденең қалпында қозғалысына есептелген; мұндай түрде бұйымның силуэті Т әрпі пішінді болады. Қазіргі киімдерде жең аузы резеңке таспамен, қайырмалы немесе қосып тігілетін қаттамамен, белдік ұштағыштармен және т.б. бөлшектермен безеңдіріледі. Осы жең мен жейде жеңнің сызбасын тұрғызу жолдары бірдей. Саңылау түріндегі қолтық ойындысы үшін жең түбінің сызығы көлденең сызық бойынша өтеді және ПГ және ПГ 1 кесінділерінің сомасына тең (50, а, б- суреттер). РО = ПГ - артқы бойдың қолтық ойындысының ұзындығы; ОР 1 = П 1 Г - алдыңғы бойдың қолтық ойындысының ұзындығы. қолтыққа қойылатын қиықтың 1-нұсқасы - ГГ 1 = 5 см (50, а және в суреттер); қолтыққа қойылатын қиықтың 2-нұсқасы - ГГ 2 = 10 см (50, а және г суреттер); ОН = Д р - 7, мұнда, 7 - иық қиығын ұзартуға берілетін қосымша, см. Жең аузын дайын түрінде ені 4 см болатын қосып тігілетін қаттамамен безеңдіруге болады (50, д-сурет). Қаттаманың ұзындығы жалпы жең енінің ^- не тең. Жең енінің қалған жартысын қатпарларға жинайды (50, б-суретте штрихталған бөлік). Түймелік үшін арналған жеңнің тілік сызығы шынтақ жақтан жең енінің %-не тең арақашықтықта орналасады, оның ұзындығы 7-8 см. Тілікті өңіржиекпен өңдейді немесе тігісте орналастырады. Қаттама ені әртүрлі болуы мүмкін. Қазіргі сән ұсынатын үлкен көлемді пішінді үлгілердің конструктивті сызылуын зерттегенде, тиімді шешім ретінде 1 және 2 негізгі сызбаның негізінде конструктивті үлгілеудің көптеген нұсқалары қолданылды. Н.П.Ламанова мектебінің конструктор-үлгілеушілері мұндай пішінді сәнмүсінге мата түйреу тәсілімен жасайтын. Мұндай тәсіл асқан тәжірибелікті талап етеді. Осы кітап бағытталған әйелдер түйреу тәсілін кез келген кезде пайдалана алмайды. Демек, оқырмандар аталған бұйым пішінінің конструкциялық сызбасын конструктивті үлгілеу тәсілімен тұрғызуға көмектесу авторлардың алдына қойған мақсаты болды. Аталған пішінді бұйымның сызбасын тұрғызу жолын тәжірибелік ізденіс процессінде, ұлттық орыс жейдесі пішімді бұйым сызбасының негізінде конструктивті үлгілеуге мүмкіндік туды. 80
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==