Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
1. Артқы бойдың иық қиығының бүкпе ендігінің 1/2 жабып, оны қолтық ойындысында ашады. 2. Алдыңғы бойдың кеуде бүкпесінің ендігі азайған есебінен П 6 нүктесінен жоғары қолтық ойындысын ұзартады. 3. Артқы бой мен алдыңғы бойдың иық қиықтарының ұштары (П 1 және П нүктелері) арқылы өткен көлденең сызықты 7 см-ге ұзартады. 4. R 1 және R 2 радиустарымен орталықтардан төмен тік сызықтар жүргізеді, ол артқы бойдың бүйір қиығы болады (үзік сызық). 5. Қолтық ойындысын 4 см-ге немесе есеп бойынша тереңдетеді: В пр . з +8 см қолтық ойындысының тереңдігі тең (В пр . з - артқы бой жақтан қолтық ойындысының биіктігі). 6. Артқы бойдың бүйір қиығы қолтық ойындысы тереңдігімен қиылысқан жерде Г нүктесін белгілейлі. 7. Г нүктесінен төмен қолтыққа қойылатын қиындының бір жақ ұзындығына тең кесінді өлшенеді (1-нұсқа - 5 см, 2-нұсқа - 10 см - Г 1 және Г 2 нүктелері). 8. П 1 , П 6 ' және Г 1 нүктелері арқылы алдыңғы бойдың қолтық ойындысын, П, П 3 ' және Г нүктелері арқылы артқы бойдың қолтық ойындысын қисық сызықпен сызады. 9. Алдыңғы бойды етегі бойынша кеңейтеді: НН 1 = 1,5-2 см. 10. Алдыңғы бойдың бүйір қиығын Г 1 және Н 1 нүктелері (1-нұсқа) немесе Г 2 , Н 1 нүктелері (2-нұсқа) арқылы; артқы бойдың бүйір қиығын Г 1 және Н (1- нұсқа) немесе Г 2 және Н нүктелері (2-нұсқа) арқылы жүргізеді. 50 сурет 79
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==