Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Тік немесе кеңейтілген силуэттерде артқы бойдың бүйір қиығы мен алдыңғы бойдың бүйір қиығы 1:2 қатынаста тік сызықтан ауытқиды. Жейде жең пішімді жеңнің ені қолтық ойындысына байланысты, ал оның жең түбінің биіктігі оның еніне, яғни П 3 ' және П 6 ' нүктелерінің арақашықтығына байланысты (49, а-сурет). Жең сызбасын тұрғызу келесі бірізділікпен орындалады. 1. Көлденең сызық жүргізеді (49, б-сурет), қолтық ойындысы тереңдігі сызығында жең енін өлшейді (РР 1 кесінді). РР 1 = РО 1 + О 1 Р 1 Мұндағы, РО 1 = ПП 3 'Г - артқы бойдың қолтық ойындысының ұзындығы (50, а және б суреттер); О 1 Р 1 = П 1 П 6 'Г 1 - алдыңғы бодың қолтық ойындысының ұзындығы. 2. Р, О 1 , және Р 1 нүктелері арқылы төмен тік сызықтар түсіреді (49, б- сурет). 3. О 1 нүктесінен жоғары жең енінің 1/5-н (РР 1 кесінді) немесе қолтық ойындысының сызбасынан П 3 'П 6 ' арақашықтығына тең кесіндіні өлшеп, жең түбінің ең биік нүктесі О алады. 4. Р, О және Р 1 нүктелерін тік сызықтармен біріктіреді. РО және ОР 1 кесінділерінің ортасынан перпендикуляр шығарып жең ені сызығымен қиылысқанша сызады. 5. Перпендикулярда алынған кесіндінің 1/3 бөлігін өлшейді, жеңнің шынтақ бөлігі жақтан РО сызығынан жоғары (Р 2 нүктесі), ал жеңнің алдыңғы бөлігі жақтан ОР 1 сызығынан төмен (Р 3 нүктесі) өлшейді. 6. Р, Р 2 , О, Р 3 және Р 1 нүктелерін біріктіре отырып, жең түбінің қисық сызығын жүргізеді. 7. Жең ұзындығы тең: ОН = Д р - 7, мұнда, Д р - жең ұзындығы, см; 7 - иық қиығының ұзаруына берілген қосымша, см. Орыс ұлттық киімі пішімді көйлек 50-суретте көрсетілген көйлек ұлттық орыс киімінің бір түрі болып табылады. Көйлектің жеңі және қолтығына қойылатын қиынды тікбұрышты пішінді, қолтық ойындысы - саңылау түрінде болады. Кеуде және бөксе сызықтары бойынша қосымшалары аз тік силуэтті көйлектің негізгі сызбасын қолдану арқылы осындай көйлектің пішімін жасауға болады. Көйлектің пішімін жасауға қажетті есептеулер мен ескертулер төменде айтылады. 78

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==