Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

6. Қолтық ойындысын 4 см-ге тереңдетеді немесе оны есеп арқылы анықтайды: қолтық ойындысының тереңдігі В пр.з + 8 см (В пр.з - артқы бой жақтан қолтық ойындысының биіктігі). 7. Қолтық ойындысы ені сызығының ортасында артқы бойдың бүйір қиығының орнын анықтайды (Г нүктесі). 8. Алынған Г нүктесінен төмен тік сызық жүргізеді. 9. Қолтық ойындысы ені сызығының ортасында алдыңғы бойдың бүйір қиығының орнын анықтайды (Г 1 нүктесі; ГГ 1 кесіндісі қолтық ойындысы енінің 1/3-не тең). 10. Бұйымның етегі бойынша бүйір қиықтардың орнын анықтайды: алдыңғы бойды 3 см-ге (НН 1 =3 см), ал артқы бойды 1 см-ге (НН 2 =1 см) кеңейтеді. 11. Г және Н 2 нүктелері арқылы артқы бойдың бүйір қиығын, Г 1 және Н 1 нүктелері арқылы алдыңғы бойдың бүйір қиығын жүргізеді. 12. П, П 3 ' және Г нүктелері арқылы артқы бойдың қолтық ойындысын қисық сызықпен сызады. 13. П 1 , П 6 ' және Г 1 нүктелері арқылы алдыңғы бойдың қолтық ойындысын қисық сызықпен сызады. Қолтық ойындысы енінің (ГГ 1 кесіндісі) кішіреюі жейде жең пішімімен теңеседі, яғни кеуде тұсында бұйым жіңішкермейді, керісінше әдемі болады. Иық қиығы ұзартылған бұйымдарда қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету және артқы бойдың дөңестігін азайту үшін артқы бойдағы иық бүкпесінің бір бөлігі қолтық ойындысына ауыстырылады, бүкпенің қалған бөлігі артқы бойдың мойын ойындысынан бастап 12 см-ге тең болатын иық қиығына кетеді. Алдыңғы бойды кеуде дөңестігін қамтамасыз ететін кеуде бүкпесін аймақтарға жіктеу арқылы 44 және 46 өлшемдерде толық жабуға болады, қолтық ойындысы, иық қиығы, иық қиығы бойынша отырғызу және алдыңғы бойдың ортаңғы сызығына аудару. 48 өлшем мен одан үлкен өлшемдерде кеуде бүкпесінің ендігін аздап жабып, бұйымды алдыңғы бой жақтан кеңейту үшін қолтық ойындысына ауыстырады (егер ортаңғы сызық бойынша түймелік жоспарланса), ал бүкпенің қалған бөлігін (50%) кез келген қиыққа ауыстырады. Иық қиықтары ұзартылған бұйымдарда қолтық ойындысының сызығы және ені (П 3 П 6 аймағы) әртүрлі болуы мүмкін, орыс ұлттық киіміндегідей «саңылау» пішімді де болуы мүмкін. Жең түбінің биіктігі қолтық ойындысының еніне (П 3 'П 6 ') байланысты: П 3 'П 6 ' кесіндісі ұзын болған сайын жең түбінің биіктігі де артады. «Саңылау» пішінді қолтық ойындысы үшін жең түбі болмайды. Силуэттің көзбен қабылдануынан бүйір қиықтардың орны байланысты. Етегі тар болып көрінетін бұйымдарда артқы бойдың бүйір қиығы тік сызық бойынша, ал алдыңғы бойдың бүйір қиығы етегі бойынша 1,5 см-ге артқы бой жаққа ауытқиды. 77

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==