Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
артқы бойды П 3 нүктесінен 5-7 см-ге кеңейту; алдыңғы бойды П 6 нүктесінен 2,5-3,5 см-ге кеңейту; қолтық ойындысын тереңдету (В прз өлшеміне 8-10 см қосымша); алдыңғы бой мен артқы бойдың қолтық ойындысының сызықтарын ұзарту және түзеу; бұйым конструкциясында жейде пішінді жеңді қолдану. Мұндай бұйымдар әдетте, тік силуэтте немесе трапеция силуэтте (көзге етегі тартылған болып көрінеді) орындалады. 49 сурет Бұйымның етегін тарылтпайды. Қатпарлардың, бүрмелердің және басқа да конструктивті амалдардың есебінде бұйымның көлемін арттыруға болады. Қатпарлар, бүрмелер, бүкпелер артқы бой мен алдыңғы бойдың мойын ойындысынан, иық қиықтарынан немесе бұйымның жоғарғы бөлігі көлденең бөлшектенген болса иініштерден басталуы мүмкін. Жоғарыдағы есептеулер арқылы сызылған қосымшалар аз тік силуэтті көйлектің негізгі сызбасы мұндай бұйымның сызбасын тұрғызу үшін негіз болып табылады. Ары қарай иық қиығы ұзартылған бұйымның сызбасын тұрғызу үшін қажетті қосымша есептеулер мен ескертулер қолданылады. 1. Артқы бойдың иық қиығындағы бүкпенің жабылады, оны қолтық ойындысында көлденең ашады. 2. Кеуде бүкпесі ендігі азайғаннан қолтық ойындысын П 6 нүктесінен жоғары 2 см-ге қолтық ойындысын ұзартады. 3. Артқы бой мен алдыңғы бойдың иық қиықтарының ұштары (П 1 және П нүктелері) арқылы өткен көлденең сызықты 7 см-ге ұзартады. 4. П 3 нүктесі деңгейінде артқы бойды 6,5 см-ге кеңейтеді (П 3 ' нүктесі). 5. П 6 нүктесі деңгейінде алдыңғы бойды 4 см-ге кеңейтеді (П 6 ' нүктесі). 76
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==