Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Жең ені сызығы бойынша оның бір жағына қосылған кесіндінің қолтық ойындысын кеңейтеді және %-не тереңдетеді. Қолтық ойындысындағы бір атты нүктелерді сәйкестендіре отырып, П 3 және П 6 нүктелерінен төмен қолтық ойындысының төменгі бөлігін жең бойынша безеңдіреді. Егер жең қиықтары бүйір қиықтардан асып кетсе, онда жең пішімінде П 3 нүктесі тұсында кішкене қатпар (0,7 см) жасайды. Қолтық ойындысының жоғарғы бөлігін пішінді лекал көмегімен байсалды қисық сызықпен безеңдіреді. Бүйір қиықтардың жаңа сызықтарын қолтық ойындысының сызығынан бастап ескі бүйір қиықтарға немесе қолтық асты кеңдігін жоққа шығара отырып, бел сызығына параллель жүргізеді. Бүкпе ендігі кішірейгендіктен алдыңғы бойдың қолтық ойындысын П 6 нүктесінен жоғары 2 см-ге ашады. П 6 нүктесін жаңа иық нүктесімен қисық сызықпен біріктіре отырып, П 6 нүктесінен қолтық ойындысының сызығын жүргізеді. Сонымен, бұйым аталған жерлерде қосымшалар арқылы барлық параметрлер бойынша кішкене кеңейеді және қолтық ойындысының сызықтары ұзарып түзеледі. Иық қиығы ұзартылған көйлек Иық қиығы ұзартылған бұйымдар иық қалпының көлемді пішінімен сипатталады. Негізгі сызбаны төмендегідей өзгерткен кезде осындай нәтиже шығады: иық қиықтарын 7-10 см-ге ұзарту; 75

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==