Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Алдыңғы бой мен артқы бойдың ортасынан тігістер жүруі мүмкін. Оларды енгізу бұйымның сыртқы түрін бұзбайды, тіпті конструкцияның сапасын арттырады, әсіресе, алдыңғы бой мен артқы бойдың бел тұсында бүйір қиықтарды ұзарту қажет болғанда. 47 сурет Тік силуэтті негізгі сызбаға тұрғызылған көйлек-жейденің сызбасында бел сызығын белдікпен немесе өткермемен безеңдіргенде қажетті бүйір қиықтарын ұзарту ескермегендіктен, бел тұсында бүйір қиықтары ұзартылған. Белде байланған белдік бұйымның бүйір тігістерін көтеріп, оның етегін қисайтады. Белдікті қатты байлаған сайын, мұндай конструкцияның кемшіліктері айқындалады, әсіресе бөкселері жалпақ денебітімдерде байқалады. Енгізілген тік тігістер конструкцияның кемшіліктерін оңай жасыруға көмектеседі. Ол үшін алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір қиықтарынан бастап енгізілген тігістерге дейін көлденең сызықтар жүргізеді, лекалды кеседі және керекті шамаға ашады (0,7-1 см). Бөксе жалпақ болған сайын, бүйір қиықтардың иілу шамасы көбірек болады (47-сурет). Тік көйлек-жейдеде кеуденің дөңестігін безеңдіру III бөлімде айтылған кез келген тәсілмен шешілуі мүмкін. Аталған көйлектің жеңдері алуан пішінді және пішімде болуы мүмкін. Функционалды көйлек-жейде Функционалды көйлек-жейдені тұрғызу үшін тік силуэтті көйлектің негізгі сызбасына жеңнің өзгеруімен байланысты өзгерістер енгізіледі. Жең түбін төмендетеді, жең түбінің төмендеу шамасының ^-не иық қиығын ұзартады, бір атты нүктелер деңгейінде жеңнің кеңею шамасына артқы бой 74
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==