Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

немесе қолтық ойындысы сызығынан басталған алты не сегіз қиықты көйлек) енгізіледі. Тұтас пішілген қынамалы көйлек әдетте белі жіңішке сымбатты жас әйелдерге арналады. Тік сызықтар белді жіңішкертіп көрсетеді, олар бір-біріне жақын орналасқан сайын бел жіңішкерек көрінеді, оны тек кіші өлшемді көйлектерде жасауға болады. Стилі мен конструкциясы бабына келген кейбір үлгілер толық әйелдерге де жарасады. Етегіне қарай кеңейтілген тұтас пішілген көйлектер 3 және 4 толықтық тобындағы әйелдерге жарасымды, себебі мұндай көйлектер кеуде мен бөксе сызықтарының арасындағы үлкен айырмашылықты жасырады. Сызықтардың аздығынан (екі немесе төрт тігіс) немесе негізгі жіпті қиғаш пішу арқылы жартылай қынамалы силуэт жасалады. Жартылай қынамалы силуэт сәннің өзгеруіне тұрақты. Жартылай қынамалы силуэтті бұйымдарда сән талап ететіндей маусымға байланысты көлемді пішіні, конструктивті элементтері немесе әрлеуіштері өзгеріп отырады. Жартылай қынамалы силуэт кез келген мақсатта тағайындалған бұйымдарда, әртүрлі жастық және толықтық топтарында қолданылады. Қиғашынан пішілген жартылай қынамалы көйлек денені қынап көз тартарлықтай көрінеді, қосымша сызықтар мен әшекейді қажет етпейді. Негізгі жібі қиғаш пішілген пішім 1 және 2 толықтықтарға жарасымдырақ. Мата шығынының көптігі бұл пішімнің кемшілігі болып табылады. Тік силуэттің киімі өте танымал. Авторлар осы силуэттік пішіннің кейбір конструктивтік ерекшеліктеріне және даму амалдарына көңіл бөлді. Осы бөлімде 1 және 4 толықтықтың 48 өлшемдегі денебітімге (164-96-100 және 164-96-112) арналған тік силуэтті бұйымның пішімін алу үшін 2 негізгі сызбаға енгізетін қажетті өзгерістер келтірілген: көйлек-жейде (2 негізгі сызбадан); фукнционалды көйлек-жейде; иық қиығы ұзартылған бұйым; орыс халық киімінің пішімінің бұйым түрінің біреуі. Көйлек-жейде Өзгерістері жоқ тік силуэтті бұйымның негізгі сызбасын (2 негізгі сызба) қолданып, көйлек-жейденің пішімін алуға болады. Денебітімнің ерекшеліктерін және толықтық топ бойынша бұйым сызбасын тұрғызудағы ескертулерді ескере ескеріп, артқы бой мен бүйір қиықтарды нақты сызу пішім құрастырудың қажетті ережесі болып табылады. Бүйір қиықтары тік сызылған көйлек- жейделерде денебітімнің ажарын кетіретін кеуде сызығынан төмен матаның артықшылығы байқалады, сондықтан артқы бой мен алдыңғы бойдың бел сызығынан қолтық ойындысына дейін бүйір қиықтарда бүкпе ендігін (2-2,5 см) енгізу ұсынылады. Мұндай шама силуэттің өзгеруіне әсер етпейді, тік силуэттің пішінін әрлендіріледі. 73

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==