Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

шешім мен пішімге ие болуы мүмкін. Нымша мен белдемшенің негізгі сызбаларын (1-негізгі сызба) бел сызықтары бойынша біріктіру арқылы тұтас пішілген бұйымның сызбасын алуға болады. Сонымен қатар, бел сызығы бойынша кесілмеген тік пішімді конструкцияның негізінде сызбаны (2-негізгі сызба) құрастыру үшін есептеулер мен ескертулерді қолдана отырып тұтас пішілген бұйымның сызбасын тұрғызуға болады. Ол үшін денебітімнің ерекшеліктерін ескере отырып, оның қай толықтыққа жататынын анықтау керек, сәйкес силуэтті және оның конструктивті шешімін таңдап, бұйымның қыналу дәрежесін, үлгіде конструктивті сызықтар болса, олардың орнын анықтау қажет. Тік силуэт өндірістік киімде (әртүрлі мамандықтарға арналған халаттар), сонымен қатар тік бұрышты силуэт сәнде болғанда әйелдерге арналған көйлек-жейделерде кең таралған. Конструктивті шешімінің қарапайымдылығы, мата шығынының үнемділігі және тігілу жеңілдігі көйлек-жейделердің артықшылықтары болып табылады. Мұндай көйлектерде артқы бойдың иық бүкпесін, алдыңғы бойдың кеуде бүкпелерін, екі бүйір қиықтарын тіксе болғаны, көйлек дайын болады. Екі бөліктен (алдыңғы бой, артқы бой) пішілген көйлек жеңсіз және жағасыз болуы мүмкін. Мұндай көйлектің тұтынушылық тартымдылығы көбінесе қолданылған матаға байланысты. Тік бұрышты силуэтті тік пішімді көйлектің тігілуі жеңіл және қолданыста ыңғайлы. Көйлек-жейделердің конструктивті шешімінің күрделілігі - егер қиықтардың тік сызықтары болса, кеуде ені сызығынан бастап алдыңғы бой мен артқы бойдың ортаңғы сызықтарымен салыстырғанда бүйір қиықтарын ұзындау ету қажет. Тік көйлек-жейдені белдіксіз киген жөн, бірақ ол әдемі көріну үшін көйлек бөксе бойынша тығыз қыналу керек. Егер үлгіде белдік қарастырылса, онда көйлекті конструкциялау кезінде бүйір тігістерді ұзарту қажет. Ол бүйір қиықтар тұсын қынап, алдыңғы бой мен артқы бойға ортаңғы тігіс енгізу нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Алдыңғы бой мен артқы бойда тігіс болса, бүйір қиықтарынан бастап, артқы бой мен алдыңғы бойдың ортасына қарай жоғалта отырып, бел тұсында пішімді 1 см-ге ашу (кесіп ашу) арқылы бүйір қиықтарды ұзартуға болады. Бүйір тігістері салбырап тұрмас үшін мұндай тәсілмен жасалған көйлек- жейдені белдікпен киген жөн. Тік көйлек-жейде 1 және 2-толықтықтардың (бөкселері жіңішке) дене- бітімдерінде әдемі көрінеді. 3 және 4 толықтықтарда көйлектің тікбұрышы кеуде мен бөксенің арасындағы айырмашылық (кеуде айналымы 96 см, бөксе айналымы 112 см) үшін етегіне қарай кеңейген трапецияға айналады. Көбінесе тұтас пішілген көйлектер тік және жартылай қынамалы силуэттерде өзінің шешімін табады, бірақ бел тұсында тығыз қыналған тұтас пішілген көйлектердің шешімі де болуы мүмкін. Ол үшін қажетті пішін мен тығыз қыналуды қамтамасыз ететін көйлектік тік бөлшектер (иық қиығынан 72

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==