Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

П 3 және П 6 нүктелерін түйістіріп, қолтық ойындысының төменгі бөлігін жең бойынша безеңдіреді (45-сурет). П 3 және П 6 нүктелерінен жоғары қолтық ойындысының жоғарғы бөлігін пішінді лекало қолдана отырып, иық қиығындағы жаңа нүктемен байсалды қисық сызықпен безеңдіреді. Функционалды бұйымдарда алдыңғы бойдың қолтық ойындысын үлгілендіруден басқа, оны П 6 нүктесі тұсында ұзарту қажет (46, а-сурет). Жоғарғы бүкпенің ендігін азайту арқылы қолтық ойындысын ұзартады. Бүкпе ендігінің шамасы 1,5-2 см-ге тең. Егер жеңнің қонымдылық шамасы алынып тастаса, жеңді кеңейту арқылы осы шамаға жең түбін кеңейтеді. Алдыңғы бойда қалған бүкпе ендігін кез келген қиыққа ауыстыруға болады. Бүкпені бүйір қиыққа ауыстырғанда оның ұзындығы кеуде нүктесінен 1,5-2,5 см-ге кішірейеді. 46, б-суретте қолтық ойындысын үлгілендірілген және бүйір қиыққа кеуде бүкпесі ауыстырылған алдыңғы бойдың пішімі көрсетілген. Қолдың қозғалысын жақсартып, кеуде айналымы сызығына сәйкес қолтық ойындысы сызығын көзбен қарағанда түзеу үшін қолтық ойындысын ұзартады. Бұл конструктивті тәсіл реглан және тұтас пішілген жең пішімін тұрғызғанда қолданылады. 3 тарау. Тік силуэтті тұтас пішілген көйлектердің конструктивті үлгіленуі Жалпы мағлұмат Бел сызығы бойынша кесілмеген кез келген көйлек тұтас пішілген болып есептеледі. Күнделікті тіршілікте тұтас пішілген көйлектер кең қолданысқа ие, олар барлық жастағы және әртүрлі толықтықтағы әйелдердің бәріне жарасады, әсіресе, үлкен өлшемді әйелдердің денебітіміне. Әйелдердің жеңіл киімдерін әр түрлі маталар мен материалдардан (жүн, жібек және мақтамата) алуан ассортиментте (көйлек, көйлек-пальто, халат, сарафандар, жейделер) және тағайындалуы бойынша да түрлі (үй киімі, күнделікті, сәндік, т.б.) тігеді. Дегенімен, әйел денебітімінің ерекшеліктерін ескере отырып, тұтас пішілген көйлектерді конструциялау қиын екенін атап өткен жөн, себебі киімге қойылатын талаптар екі негізгі факторды қамтиды - жақсы қонымдылық пен әдемі силуэт. Егер қажетті силуэтті қосымша тік бөліктеусіз жасағанда қиыншылықтар туындайды. Бел сызығы бойынша кесілген көйлектерді сызу оңай, себебі оның пішіні екі жеке аяқталған бөліктерден тұрады (нымша және белдемше), оларды бір-біріне келтіру оңай. Тұтас пішілген көйлектер силуэт бойынша тік, жартылай қынамалы және қынамалы болып бөлінеді. Аталған киімнің силуэттері бір кезде қолданылып, белгілі бір маусымның бұйымдарында қолданылатын бірдей конструктивті 71

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==