Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

КІРІСПЕ Тігін өнеркәсібінің басты міндеті - адамдардың жоғары сапалы және әртүрлі ассортименттегі киімге деген қажеттілігін қанағаттандыру. Бұл міндетті шешу өндірістің жоғары тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі негізінде жүзеге асырылады, жұмыс сапасын барынша жақсарту, еңбек пен өндірісті жетілдіру.Тігін өнеркәсібінің қызметкерлері жобалау кезеңінде тігін бұйымдарының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Оқулықта ерлерге және әйелдерге арналған киімдерді құрастыру теориясы мен практикасын зерттеуге арналған материалдар ұсынылған. Ерлерге арналған иық пен бел киімнің стандартты және модельдік құрылымдық негіздерінің бөлшектерінің сызбасын жасау әдістері сипатталған, қазіргі заманғы киімдерді жобалау ерекшеліктері қарастырылған, сонымен қатар, киімдерді конструктивті үлгілеу әдістері туралы ақпарат берілген. Оқулықта ғылымның, техниканың және қолданбалы өнердің соңғы жетістіктерін пайдалануды сипаттайтын, тұтынушылардың әр түрлі этноәлеуметтік топтарының қажеттіліктері мен талғамына сай келетін, сонымен бірге өндіріс үшін экономикалық тиімді, жоғары эстетикалық және утилитарлық қасиеттерге ие киімдерді жасауға сәйкес келетін оңтайлы конструктивтік және композициялық шешімдерді таңдайтын тігін бұйымдарының конструкциясыы бойынша тақырыптар ашылған. Әр бөлімге материалдарды терең меңгеру мен бекітуге арналған практикалық материалдар қоса берілген. Бұл оқулықты әзірлеу жоғарыда аталған мамандықтардың жаңартылған типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес модульдік- құзыреттілікке негізделген оқытуды жүзеге асыру үшін арнайы әзірленген және тексерілген оқулықтардың болмауына байланысты өзекті болып табылады. Жеңдер, жағалар, қалталардың әр түрін қолдана отырып, киім дизайнын жасау туралы мәліметтер келтірілген, әртүрлі силуэт формасындағы бұйымдар жасау әдістері көрсетілген. Негізгі құрылымдардың үлгілері бойынша бұйымдарды пішу әдісі, иық киімді құрастыру әдісі ұқыпты берілген. Заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологиялар негізінде тұрғындардың тапсырыстарына арналған киімдерді жобалау үрдісінің даму бағыттары көрсетілген. Материал суреттермен, сызбалармен, ерлер мен әйелдер киім үлгілерінің эскиздерімен безендірілген. Оқулық білім алушыларға жаңа ақпаратты тезірек және тереңірек білуге көмектесетін өзін-өзі бағалау сұрақтарын ұсынады. Оқулық нақты құрылымға ие және онда берілген материал логикалық және дәйекті түрде баяндалған, «6B07204 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы», «6В0210 1 - ДИЗАЙН» мамандықтарының оқу бағдарламасын толық қамтиды. 7

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==