Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
әртүрлі күрделілік дәрежедегі материалдық мүмкіндіктерін ескеріп, оның тапсырысы бойынша киім тігу. Силуэт дегеніміз, денебітімнің кеуде, бел, бөксе аймағында бұйымның қыналу дәрежесін және иықтың ені мен биіктігін, бұйымның етек кеңдігін сипаттайтын киімнің пішіні. Белдемше - әйел костюмінің бір бөлігі, тігілген және белде жиналған бірнеше мата бөліктері түріндегі бел киімі. Түзу беелдемшелер біртігісті, екітігісті немесе үштігісті қынамалы - қатпармен не қатпарсыз болуы мүмкін. Белдемшенің жоғарғы бөлігі белдікпен, корсажды таспамен немесе резеңкемен өңделуі мүмкін. Клинді белдемше бірнеше клиндерден тұрады. Әрбір клинді етек жағынан кеңейту мұндай белдемше үшін сәйкесінше фалдты біркелкі орналастырады. Клинді белдемшеде негіз жібі әрбір клин орталығынан өтеді. Күлішті белдемшенің негізгі пішімінде шеңбер немесе оның бір бөлігі жатыр. Түзу және бүйір жағынан кеңейтілген белдемше екітігісті түзу белдемше пішімі бойынша пішіледі. Күлішті белдемше пішімсіз пішіледі, бірден тігіске берілген қосымшамен матада өңделеді. Түзу және етек жағынан тар келетін белдемшені дұрыс пішінді тұлғаға ғана тігуге болады. Егер белдемшені денеге алдынан және артынан терең емес қатпарлармен, тік сызықтарымен, қатты қыналмаған түрде тігетін болсақ, онда арттық толықтықты көз өлшемімен азайтуға болады. Жаға - киімнің маңызды бөлшегі болып табылады. ол моын ойындысын және бұйымның түймелігін әрлейді, жылу сақтау қызметін атқарады. Жағалардың конструкциялары сан алуан және бірқатар факторларға байланысты: мойын ойындысының пішініне, жағаны бұйыммен біріктіру сипатына, жағаны қондыру сызығының пішініне, тіктеменің биіктігіне, мойынға жағаның қыналу дәрежесіне. Шалбар - бел бұйымы, ерлер мен әйелдер костюмінің бөлігі. Шалбардың жоғарғы қиығы бел деңгейіне жетуі, жоғары не төмен, бөксе деңгейіне жетуі мүмкін. Қосып тігілетін не тұтас пішілген белдікпен немесе безендіреді. Шалбар-белдемшені қадам енін қосымша тұрғызған белдемшенің негізінде не отыру биіктігі көтерілген шалбардың негізінде тұрғызылады. Классикалық нұсқа - алдыңғы және артқы бөліктердің ортасында қарама- қарсы қатпарлары бар белдемше-шалбар. Негізгі лекалолар - бұл бұйымның үстіңгі матасынан бөлшектерді пішу үшін бұйым пішінін жасайтын лекалолар. Оларға артқы бой, алдыңғы бой, жең бөлшектері, астыңғы жаға, белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктері, шалбардың алдыңғы және артқы бөліктері. Негізгі лекалолардың негізінде жасалған лекалолар киім бөлшектерінің туынды лекалолары болып табылады. 6
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==