Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
АНЫҚТАМАЛАР Пішім конструкцияның негізгі сипаттамасы болып табылады. Киімнің беті қандай бөлшектерге және қандай сызықтармен бөлінетінін пішім анықтайды. Иық киімдері - иық белдеуіне немесе арқаның, кеуденің жоғарғы бөлігінде орналасқан тұлғаның аймағына тірелетін бұйым. Бұл әртүрлі пішімді көйлектер, жейдешелер, ішкөйлектер, жакеттер, пальтолар. Бел киімдері - денебітімнің бел немесе бөксе белдеуіне тірелетін және тұлғаның төменгі бөлігін және аяқтарды толық не жартылай жабатын бұйымдар. Бел киімдеріне әртүрлі пішімді белдемшелер және шалбарлар жатады. Киім ассортименті - тұтынушыны қанағаттандыру үшін өндіріспен шығарылған алуан түрі мен тағайындалуы әртүрлі тігін бұйымдарының жиынтығы. Корсеттік бұйымдар денебітімнің негізгі бөліктерін қалыптастырады және дене үстіне киіледі. Жеңіл киім - ішкиім немесе корсеттік бұйым үстінен киілетін көбіне бір қабатты бұйымдар. Жеңіл киімдер ассортиментіне көйлектер, жейдешелер, белдемшелер, шалбарлар және т.б. жатады. Сырт киім - ағзаның жылуын сақтау үшін жеңіл киім үстінен киілетін бұйымдар. Сырт киімдерге жакеттер, пальтолар, костюмдар, жадағайлар және т.б. жатады. Құрастыру - әртүрлі кескіндегі киім бөлшектерінің жазық көрінісін алуға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы бұйым конструкциясын жасау үдерісі. Киімнің бөлшегі - тігін бұйымының тұтас пішілген немесе бөлшектерден тұратын бөлігі: алды (алдыңғы бой), артқы бой, бүйірше, жең, жаға, шалбардың артқы (алдыңғы) бөлігі, белдемшенің артқы (алдыңғы) бөлігі және т.б. Конструктивті негізгі сызба - үлгілік ерекшеліктер мен мата қасиеттерін ескеріп, денебітім өлшемдерін және оларға берілетін қосымшаларды өзара байланыстыратын, жазықтықтағы белгілі бір кескіндегі және өлшемдегі киімнің негізгі бөлшектерінің графикалық бейнесі. Конструктивті үлгілеу - негізгі конструктивті сызбаны үлгілік сипаттамалармен (пішінін, пішімін, бөлшектеу сызықтарын, түймеліктерін және т.б.) өзгерту мақсатымен оны түрлендіру. Киімнің жаппай (өнеркәсіптік) өндірісі - сатушы ұйымдардың тапсырыстары бойынша өнеркәсіптік өндіріс шарттарында типтік денебітімдердің стандартты өлшемдері бойынша жалпы тұтынушыларға есептелген киім тігу. Киімді жеке өндіру - халыққа қызмет ететін жеңіл өнеркәсіп шарттарында белгілі бір адамның жеке сипаттамалары мен сәнге сәйкес 5
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==