Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
I Бөлім 48 ӨЛШЕМДЕГІ ӘЙЕЛ КӨЙЛЕГІНІҢ НЕГІЗГІ СЫЗБАСЫН ҚҰРАСТЫРУ 1 тарау. Әйелдердің денебітімін өлшеу. Өлшем белгілері. Сызбаның конструктивті безеңдірілуі денебітімнің пішіні мен өлшемдеріне байланысты. Сызбаны құрастыру негізінде барлық тік және көлденең бағыттардағы денебітімнің өлшемдері жату керек. Сызбаны құрастыру кезіндегі конструктивті кесіндінің ұзындығын есептеу үшін денебітімнің өлшемдері, яғни өлшем белгілері бастапқы мәлімет болып табылады. Денебітімге бұйымның жақсы қонуы көбінесе нақты өлшем белгілер мен сызбаның дұрыс құрастырылуына байланысты. Денебітімді нақты өлшеу үшін, денебітімде негізгі нүктелердің орнын белгілеу қажет, оларды антропометриялық нүктелер деп атайды. Өлшеуді осы нүктелердің аралығында жасайды. 1 кесте- Өлшем белгілерді төмендегідей белгілейді: биіктіктер - В; ұзындықтар, арақашықтықтар, доғалар - Д; толық айналымдар - О; жартылай айналымдар - С, бой - Р; ортаңғы нүктелердің немесе шығыңқы нүктелердің аралығы - Ц; ендер - ш , диаметрлер - d; тереңдіктер - Г. Әріптік көрсеткіштер өлшем орнын білдіреді. Әйелдердің типтік денебітімдері, өлшем орындары мен олардың шартты белгіленулері 1 кестеде берілген. 1 кесте мен 1-13 суреттердің мәліметтерін қолданып кез келген денебітімнің өлшем белгілерін анықтауға болады. Өлшемдерді алу бұйымның сызбасын құрастырудағы бірінші қадам болып табылады. Өлшемдерді алу алдында денебітімнің белін жіңішке белдікпен (немесе резеңке таспамен) байлайды, оны қатаң түрде көлденең орналастырады. 8
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==