Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
36 сурет 37 сурет Алғашқы екі кезең жоғарыда баяндалған. 3 кезең келесідей болады. Жеңді жең түбінің ең жоғарғы нүктесіне 0,2 мм жеткізбей ортаңғы сызық бойынша жеңнің сызбасын қияды (38, 39- суреттер). Шынтақ және алдыңғы қиықтары жеңнің қолтық асты енінің жаңа сызығына перпендикуляр орналасатындай жеңнің бөліктерін жылжытады. Жеңнің ортаңғы сызығының қолтық астындағы жең ені өлшемінің жаңа сызығымен қиылысқан нүктесі (Ц нүктесі) орталық болып келеді, одан О 1 Ц радиусымен циркуль арқылы жең түбінің жоғарғы бөлігін безендіреді, ал жең түбінің ең биік нүктесінен (О нүктесі) кесілген бөліктерді біріктіріп, ОН радиусымен жеңнің етек сызығын безендіреді. Бұл конструктивті орындаудың барлық жеңдері жең түбі бойынша да, жеңнің етегі бойынша да конструктивті тәсіл арқылы қосымша кеңейтілуі мүмкін (қажетті жерді кеседі және пішімнің бөліктерін бүрменің немесе қатпардың қалаған шамасына жылжытады). 63
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==