Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

38 сурет 39 сурет Екі тігісті жеңдер Екі тігісті жеңдерде ортаңғы сызық бойынша, яғни көрінетін жағында тігіс және жеңнің төменгі бөлігінде де тігіс болуы мүмкін. Бұл тігістер жазық пішімнің көлемді (тұйық) пішімге айналуына көмектеседі. Ортаңғы тігісі немесе бүкпесі бар жеңдер жең түбі бойынша қондырылу шамасын алып тастау қажет болғанда қолданылады. Реглан немесе кимоно пішімді жеңді тұрғызу үшін екі тігісті жеңнің сызбасы қолданылады. Сондай-ақ екі тігісті жеңдер жоғарғы және төменгі бөліктерден тұруы мүмкін. Мұндай жеңдер көбінесе костюмдерде және пальтоларда пайдаланылады. Олар қолдың орналасу жағдайына сәйкес келеді және жеңнің классикалық пішінін жасауды жеңілдетеді. 64

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==