Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
35 сурет - Жеңнің негізгі сызбасы Бүрдіктері бар жеңдер Жіңішке жеңнің негізгі сызбасында жең түбі бойынша бүрдіктері бар жеңдер құрастырады. Мұндай жеңдердің жең түбі кең болады және шынтақ сызығынан бастап жең етегіне дейін қолды тығыз қынап тұрады. Мұндай жеңдердің пішіні қынамалы және тығыз қынамалы силуэттердің үлгілерінде көп қолданылады. Бұл жеңнің сызбасын құрастыру үшін қолтық ойындымен жанасуы тексерілген жіңішке жеңнің негізін алады да, сызбаны ортаңғы сызық бойынша қияды, екі бөлікті жең түбі сызығы бойынша ортаңғы сызықтан бірдей аралықта екі жаққа жылжытады (36-сурет). Жең түбін жеңнің қолтық асты еніне, яғни жылжытылған шаманың -на арттырады. Жеңнің жаңа жең түбін а, а 1 және жаңа О нүктесі арқылы жүргізеді. Мұндай жеңдер үшін жең түбінің ең аз кеңеюі жеңнің ортаңғы сызығынан екі жаққа 1 см-ден жылжыту болып табылады, ең көбі - жең түбінің аймақтары П 3 және П 6 нүктелері ауданында жеңнің қолтық асты енінің сызығына перпендикуляр болады (37-сурет). Мұндай тәсілмен жеңнің үлкен кеңеюі ұсынылмайды, себебі жеңді қолтық ойындыға қондыру қиын болады. 37-суретте бейнеленген қысқа, жоғары бөлігі кеңейтілген жеңді осы тәсілмен сызады, тек жеңнің ұзындығы ғана өзгереді. Ұзын жеңдер үшін шынтақ қиығын ұзартқан дұрыс (35-сурет), бұл қолдың еркін қимылдауына мүмкіндік береді. Жоғарғы жағында бүрдіктері бар, етегіне қарай кеңейтілген, ұзын және қысқа жеңдерді ұзындығына сәйкес негізгі сызбаға үш кезеңде сызады: 1 кезең - жеңнің негізгі сызбасын тұрғызу; 2 кезең - бүрдіктерді тұрғызу; 3 кезең - жеңді етегіне қарай жылжыту. 62
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==