Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Жіңішке жеңнің енін етек сызығы бойынша қолтық ойындысы тереңдігі сызығының деңгейіндегі жең енінің 1/8 бөлігіне арттыру арқылы жартылай қынамалы жеңді алуға болады. 34 сурет - Жеңнің негізгі сызбасы Шынтақ бүкпесі бар жіңішке жең Жіңішке жеңдерді жартылай қынамалы жеңдердің негізінде тұрғызады. Киюге ыңғайлы болу үшін жеңді шынтақ сызығы бойынша кеңейтеді. Оны келесі жолмен орындайды. Жеңнің ортаңғы сызығының оң және сол жағына жеңнің етек енінің 1/8 бөлігіне тең кесіндіні өлшейді (35-сурет, 1 және 2 нүкте). 1 және 2 нүктелерді 3 нүктемен біріктіреді. Жеңді шынтақ сызығы бойынша 1-3 сызығына дейін және 1-3 сызығы бойынша 3 нүктеге дейін кеседі. Содан соң жеңнің етегі бойынша енінің 1/8 бөлігіне жеңді шынтақ жаққа қарай жабады; қолдың оңай бүгілуін қамтамасыз ететін шынтақ сызығы бойынша бүкпе ашылады. Жеңнің жаңа етек сызығын жүргізеді. Бұдан да ыңғайлы болу үшін қолтық ойындысы тереңдігі деңгейіндегі жең енінің сызығы бойынша жеңді жабу арқылы шынтақ сызығы бойынша екінші бүкпені енгізеді. 34 және 35-суреттерде жеңнің ортаңғы сызығы оның етегі бойынша алдыңғы жаққа қарай 2 см-ге ығысуынсыз сызылған. 61

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==