Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Тағайындалуы бойынша жеңдер функционалды, классикалық, ұлттық, ал пішімі бойынша - реглан, тұтас пішілген, құрама, жейде пішімді болады. Жеңдердің барлық түрлерінің, пішімдерінің сызбасы тұтасымен немесе жартылай қондырмалы жеңнің негізгі сызбасын қолдану арқылы сызылады. Қазіргі кезде жеңнің негізгі сызбасын тұрғызу күрделі мәселе болып табылады, сондықтан оны сызуға аса мән беру қажет. Бұйымның динамикасы елеулі дәрежеде жең сызбасының дұрыс конструктивті шешіміне байланысты. Жең түбінің қолтық ойындысының сызбасымен жақсы жанасуы жең сызбасын тұрғызуда маңызды шарт болып табылады, тіпті жеңнің қисық сызығы мен қолтық ойындысының қисық сызығы әртүрлі кескінде болсада. Жақсы жанасу дегеніміз дұрыстықтың көзбен қабылдануы ғана емес, сонымен қатар жеңнің қолданылуы кезіндегі ыңғайлылық. Нымшаның қолтық ойындысына қондырылатын жеңнің жоғарғы бөлігі жеңұшы деп аталады. Жеңұшының пішіні мен қолтық ойындысы тереңдігі деңгейіндегі жең ені иық айналымы О п өлшемі мен осы өлшемнің қосымшасына байланысты және қолтық ойындысының пішінімен тығыз байланысты. Қолтық ойындысының ені иық айналымы өлшеміне берілетін қосымшаға байланысты және осы қосымшаның 50%-ын құрайды. Конструкциялау тәсілімен бір немесе екі тігісті жеңнің сызбасын, сонымен қатар функционалды жеңнің (жең түбі аздап қысқартылған) немесе жейде пішімді жеңді құрастыруға болады. Барлық басқа жеңдердің пішімдері жең түбі мен қолтық ойындысы сызықтарының жанасуы тексерілген (25-28 суреттер) жеңнің негізгі сызбасының негізінде конструктивті үлгілеу арқылы алынады. Жіңішке жеңдер Жеңнің негізгі сызбасында R 1 және R 2 радиустарының орталықтары (28- сурет) арқылы жеңнің ортаңғы сызығын жүргізеді. Осы сызықта жең түбінің ең биік нүктесінен бастап шынтақ сызығына дейінгі ұзындығы Д р.лок мен жеңнің білезік айналымына дейінгі ұзындығы Д р.зап өлшемдерін өлшейді. Алынған нүктелерден көлденең сызықтар жүргізеді (34-сурет). Жеңнің шынтаққа дейінгі ұзындығын Д р.лок өлшемінсіз анықтауға болады. Шынтақ сызығының қалыпты деңгейі - жең түбі биіктігі мен етек сызықтары арасының ортасында орналасқан нүктеден 2 см-ге жоғары болады. Жіңішке жеңнің етек ені қолтық ойындысы тереңдігі сызығының деңгейіндегі жең енінің %-не тең. Табылған жең енін екіге дәл бөліп, етек сызығы бойынша ортаңғы сызықтың оң және сол жағына өлшеп сызады. Алынған нүктелерді жең ені сызығындағы нүктелермен біріктіреді. Осылай жіңішке жеңнің сызбасын тұрғызу аяқталды. Мұндай жең иілгіш маталардан немесе тоқымадан тігілген бұйымдарда қолданылады. 60

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==