Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Ұсынылған силуэттер толықтық топтар мен жеке ерекшеліктер бойынша өзгешеліктерінің есебімен жеңіл киім бұйымдарының барлық санаттарында өзінің дамуын ала алады. Тік және жартылай қынамалы силуэттер жастық топтарға және әйел денебітімінің өлшемдік ерекшеліктеріне байланысты дамиды. 46-48 өлшемдегі денебітімі бар ересек әйелдерге арналған киімдер үшін жартылай қынамалы және тік силуэттерді пайдалануға болады. Толық әйелдер үшін бел сызығы бойынша аз қыналған (әсіресе алдыңғы жағынан) тік силуэт ұсынылады. Пропорционалды денебітімі бар толық әйелдерге жартылай қынамалы силуэтті де ұсынуға болады. Қынамалы силуэт - жастарға арналған, ол үшін бел сызығы бойынша кесілген нымша тән келеді, бел белдікпен, кейде бүкпемен анық айқындалған, белдік жалпақ болуы мүмкін. Нымша қыналған болуы мүмкін, оның қыналуы иық қиығынан және қолтық ойындысынан шыққан бедер сызықтар, бел сызығында орналасқан бүкпелер арқылы алынады. Сонымен қатар нымша бел сызығы үстінде кішкене бос салуы бар жұмсақ болуы мүмкін. Белдіктер әр алуан: күлтеленген, жалпақ және жіңішке. Қынамалы силуэтте белдемшелерде тігісі бар үлкен күліші, сонымен қатар аз ғана кеңейтілуі болуы мүмкін. Белдемшелерде қатпарлар, матаның негізгі жібіне қиғаш пішілген пішім, иініштер, бөксе сызығынан жоғары немесе төмен орналасқан, белдіктен немесе иініштен шығатын қиықтар қолданылуы мүмкін. Қазіргі сәнде «трапеция» силуэт кездеседі. Бұл силуэтте жастар үшін ұсынылады. Ол үшін қыналған нымша сипатты. Кесілген бел сызығы кеуде сызығынан жоғары немесе төмен өтеді, одан төмен қарай кең, сарқырамалы, кейде иілмелі, жұмсақ күліш жүреді. Иықтар кішкентай тік болады. «Трапеция» силуэті бөксе сызығы бойынша үлкен көлемі бар 4- толықтықтағы денебітімдер үшін ұсынылуы мүмкін. Бұл силуэттің бұйымдары мұндай денебітімдер үшін қолтық ойындысынан бүйір қиығы бойынша, сонымен қатар артқы бойдың ортаңғы сызығы бойынша кеңейтілген тұтас пішілген болуы мүмкін. 2 тарау. Әртүрлі пішінді қондырмалы жеңдерді конструктивті үлгілеу Жеңдердің конструктивті шешімдері бұйымның пішімімен анықталады. Бұйымның жеңұшы мен иық қалпы оның силуэтін анықтайтын маңызды бөлік болып табылады. Бұйымның жең ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін: ұзын, қысқа, төрттен үш бөлігі, сегіздің жеті бөлігі. Оларды пішіні бойынша жіктейді: жіңішке, кең, етегіне қарай кеңейтілген тік, жоғары қарай кеңейтілген. 59
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==