Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

Силуэттер. Әйелдердің жеңіл киімдерінің пішіндері. Бұл бөлімде әйелдердің жеңіл киімдерін үлгілеуде қабылданған негізгі силуэттердің сипаттамалары берілген, сонымен қатар кейбір силуэттік пішіндердің киім бөлшектерінің пішімдері берілген. Кез келген бір затты көргендегі бірінші әсерді біз көзбен қабылдаймыз, бұл - оның жалпы бейнесі, сыртқы сызықтармен шектелген салмағы, оның силуэті туралы әсер. Костюмнің немесе көйлектің сыртқы пішінін көзбен қабылдау оның силуэті туралы әсер береді. Демек, белгілі бір кезеңдегі сәнді жалпы білдіретін және жаңа пішіннің графикалық бейнесінің негізгі ерекшеліктерін көрсететін силуэт деген ұғым өте маңызды элемент болып табылады. Силуэт киімді конструкциялауда негізгі фактор болып табылады және бұйым әйел денебітіміне беретін пішін анықталады. Киімнің жеке элементтері - иық пішіні, оның биіктігі және ұзындығы, жеңдер пішімдері, бел және бөксе сызықтарының биіктіктері, бұйым ұзындығы - силуэттің сипатымен, оның пропорцияларымен анықталады, бұйым пішінінің маңызды ерекшеліктерін айқындайды. Бірақ, белдемшенің ұзындығы және жеңдердің ені силуэттің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұратын элементтер болып табылады. Силуэттің қауіптілігі киімнің ең сәнді үлгілерінде анық бейнеленеді, күнделікті киюге арналған киімде силуэттік пішін жұмсарады және жеңілдетіледі. Әйелдердің көпшілігі назарды аз аудартатын және дәстүрлі силуэттік пішінге ие киімде өзін қолайлы сезінеді. Киімнің, оның жеке бөлшектерінің контурларын сызықтар ретінде қарастыруға болады. Киімнің сызықтарын конструктивті және әрлеуіш сызықтарға бөледі. Конструктивті сызықтармен жалпы киімнің және оның бөлшектерінің пішіндерін құрастырады. Бұйымның жоғарғы бөлігінің сызықтары (иық және бүйір қиықтарының сызықтары, кеуде ені мен бел сызықтары, бөксе сызықтары) конструктивті сызықтардың ішінде маңыздырақ болып табылады. Көйлектегі конструктивті сызықтарға иық қиығының ортасынан шығатын жоғарғы бүкпені де жатқызу қажет. Демек, бұйымның конструкциясының мәселелерін шешпей, сонымен қатар матаның ерекшеліктеріне байланысты оны өңдеу тәсілдерін ойластырмай бұйым дайындауға болмайды. Конструкциялау мен конструктивті үлгілеу арасындағы өзара байланыс осы кітаптің бағытын анықтады. Киім бөлшектерінің пішінін анықтайтын конструктивті сызықтардан басқа әртүрлі әрлеуіш сызықтар болатынын атап өту керек, бұл - бедер сызықтар, бедер сызықтардағы қатпарлар, бүкпелер, шеттіктер, кестелер және т.б. бұл сызықтар әрлеуіш ретінде бұйымда өте маңызды. Әрлеуіш сызықтар көйлекті сәндеп қана қоймай, сонымен қатар силуэт ішіндегі пішінде бөлшектейді, бұл әртүрлі пропорциядағы денебітімдерге киімнің силуэтін қолдануға көмектеседі. 57

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==