Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

етегін әртүрлі конструктивті бөлшектермен айқындап көрсету ұсынылады: бүкпелермен, қоса тігілген немесе алынбалы- салынбалы белдіктермен, тілікшелермен, т.б. Етек сызығы бойынша белдемшенің кеңдігі әйелдің жасына байланысты. Бел сызығынан («күн» белдемше) кеңейген белдемшелермен қоса бөксе сызығынан кеңейген белемшелерді де ұсынуға болады. Егер белдемше шеңбер қатпармен пішілсе, онда оның етек жағындағы қатпарларын кеңірек істеуге болады. Жеңдердің жоғарғы және төменгі бөліктерінің пішіндері әртүрлі көлемді болуы мүмкін. Бұл толықтықтағы денебітімдер үшін тұтас пішілген жеңдер жараспайды. 33 сурет-толықтықтың денебітімдеріне ұсынылатын киімнің силуэттері (а, б, в, г) көрсетілген және оларға үлгілер (д, е, ж, з) келтірілген. 56

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==